Каспий маңы балықшыларының сөздігі — Каспий маңы балық кәсіпшілігіндегі балықшылардың жиі қолданылатын терминдері және олардың мағынасы.

Балықшылар арасында жер ыңғайына, қолданысына қарай Каспий маңында қайық-кеме, ау-құрал, сайман т.б.атаулардың орысша аталғандығын байқаймыз. Екінші бір жердегі балықшылар тілінен қазақша баламасын табуға болады.

Банк — Еділ атырауынан Каспий теңізіне қарай созылып жатқан өзен арнасының жалғасы, балықтардың көші-қон жолы. Батаға — өзен бойындағы балық аулау артелі (бекеті), балықты өңдеуге және сақтауға арналған нысан (революцияға дейінгі кезеңнен қалған тарихи термин). XIX-ғасырдың ортасынан бастап Солтүстік Каспийде балық өңдеуге жабдықталған желкенді кемелер — ватагалар жұмыс істеген. Баркас — әртүрлі көлік операцияларына арналған шағын өздігінен жүретін кеме. Бударка (немесе будара) — балық аулауға бейімделген, тұмсығы үшкір, ашық қайық. Болдыр (подчалок) — балық аулау кемесімен бірге жұмыс істейтін қосалқы қайық, аулар осы „болдыр“ бортында өңделеді. Весновка — мұз толық ерімей тұрып жүргізілетін ерте көктемгі балық аулау кәсібі. Выгон — суды теңізге қарай айдайтын солтүстік-шығыс жел. Еспелі қайық — ескекпен жүргізетін қайық. Жарник — балық аулау кемесінде ашық отта тамақ пісіруге арналған үш аяқты темір тіреуіш. Кормщик (немесе корщик) — революцияға дейінгі кезеңде балық аулау кемесінің рульшісі және балық аулау жұмыстарына жетекшілік ететін тұлға. Неводник — ауды (сүзгі ауды) тасымалдауға арналған ұзын, түбі жалпақ ағаш қайық. Приемка — ауланған балықты қабылдайтын кеме. Рыбница — а) ауланған балықты тиеуге арналған, түбі жалпақ ашық қайық; ә) жүк қоймасы бар, палубасы жабық және теңізде жүзуге бейімделген ірі желкенді кеме. Реюшка — жеңіл, екі діңгекі, палубасы жабық, теңізде жүзуге арналған кеме; оның екі гафельді желкені мен реясы бар, бұл желдің әртүрлі бағытында маневр жасауға мүмкіндік береді. Стойка — бірнеше шағын қосалқы қайықпен бірге жүретін, екі діңгекті ірі кәсіпшілік теңіз кемесі; ол қосалқы қайықтардан ау салатын балықшылар үшін тұрғын жай және база қызметін атқарады. Тоня — өзенде кәсіпшілік жолмен балық аулау орны (іргелес жағалауы бар); мұнда ау салу және оны тартып шығару жұмыстары жүргізіледі. Шаланда — түбі жалпақ өзен кемесі, паром немесе жүк баржасы ретінде қызмет атқарды.

Дереккөздер

Санат:Балық аулау Санат:Балық шаруашылығы