Дархан Мейрамұлы Ахмедиев (21 қыркүйек 1990)Ахмедиев Дархан Мейрамұлы — қазақстандық саясаткер, 2026 жылдан бастап Құрылтайдың I шақырылым депутаты, Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетінің төрағасы. Бұрын ол 2022–2026 жылдары Қорғаныс министрінің орынбасары болатын.

Өмірбаяны Дархан Ахмедиев 1990 жылы дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығы бойынша үздік бітірген. «Болашақ» стипендиясының иегері (King's College London, «Cyber security» мамандығы).

Еңбек жолын 2012 жылы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ талдаушысы ретінде бастаған. 2013-2015 жылдары Төтенше жағдайлар министрлігінде, кейін Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінде сарапшы болып жұмыс істеді. Кейін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бас сарапшысы лауазымына қабылданды.

2017 жылдан бастап 2019 жылға дейін Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басқарма басшысы болып жұмыс істеді.

2019 жылы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Электрондық өнеркәсіпті дамыту департаменті директорының орынбасары қызметіне кірісті.

2020 жылы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ІТ дамыту департаментінің, кейін Ақпараттық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту департаментінің директоры болып тағайындалды.Кадровые перестановки

2022–2026 жылдары Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінде цифрландыру саласына жауапты болды.Ахмедиев Дархан Мейрамұлы

2026 жылы I сайланған Құрылтай депутаты атанып, Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетінің төрағасы болып сайланды.Аймағамбетов, Шапақ, Ахмедиев. Құрылтай комитеттерін кімдер басқарады

Марапаттары «Қазақстан Республикасының сот жүйесіне 30 жыл» (2022) «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» (2025) «Ерен еңбегі үшін» медалі (2026) ҚР ҚМ «Ел қорғаны» медалі (2026) «Қазақстан Республикасының Парламентіне 30 жыл» (2026)

Дереккөздер

Санат:Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті түлектері Санат:Қазақстан Құрылтайының I шақырылымының депутаттары