Cámara Argentina de Productores de Fonogramas y Videogramas, CAPIF (Аргентина фонограмма және видеограмма өндірушілер палатасы) — елдегі музыка индустриясын ұсынатын, Халықаралық фонографиялық индустрия федерациясына (IFPI) мүше аргентиналық ұйым. Бұл — халықаралық және тәуелсіз дыбыс жазу лейблдерін біріктіретін бейкоммерциялық ұйым.

Сертификаттау

CAPIF өзнің Алтын және Платина сертификаттау бағдарламасын 1980 жылы іске қосты. Бастапқыда альбомдар Алтын атану үшін 30 000 дана, ал Платина атану үшін 60 000 дана сатылуы қажет болатын. Алайда, CAPIF дыбыс жазу индустриясындағы сатылым көлемінің төмендеуін ескере отырып, 2001 жылдың басында сертификаттау деңгейлерін түсірді. 2016 жылы CAPIF альбомдар, цифрлық синглдер және DVD шығарылымдары үшін сертификаттау деңгейлерін тағы да төмендетіп, музыкалық жиынтықтарға (CD+DVD) және альбомдар мен синглдерге арналған стримингке негізделген сертификаттау жүйесін енгізді.

Қазіргі аккредиттеу деңгейлері Пішім Қазіргі аккредиттеу деңгейлері Алтын Платина Гауһар Альбом10 00020 000135 000 Сингл10 00020 000135 000 Стриминг8 000 00016 000 000100 000 000 DVD 5 000 10 000 50 000 CD+DVD 5 000 10 000 50 000 ескертпелер

Дереккөздер

Санат:1958 жылы құрылған ұйымдар Санат:Музыкалық индустрия қауымдастықтары