Тәуелсіз дыбыс жазу лейблі немесе инди-лейбл — мейнстримге балама ретінде танылатын, бүгінгі таңда жетекші лейблдердің көбісіне иелік ететін ірі музыкалық корпорациялардан (мейджор-лейблдерден) тәуелсіз дыбыс жазу лейблі. Олар әдетте шағын және орта бизнес санаттарына жатады. Мұндай лейблдер мен олардың әртістерін өңірлік қауымдастықтар қорғайды, ал өз кезегінде оларды жаһандық деңгейде Тәуелсіз лейблдердің дүниежүзілік желісі (WIN) біріктіреді.

Лейблдердің көбі бастапқыда джаз сияқты белгілі бір музыкалық жанрларды шығарушы және таратушы ретінде бой көтерді немесе бастапқы кезеңдегі Элвис Пресли сияқты жаңа әрі бұқаралық сипатқа ие емес бағыттарды ұсынды. Инди-лейблдер рок, соул, ритм-н-блюз, джаз, блюз, госпел, регги, хип-хоп және әлемдік музыка туындыларын жарыққа шығарады. Осындай лейблдерден шыққан музыка жиі «инди-музыка», ал нақтырақ айтқанда, жанрына қарай «инди-хип-хоп» сияқты атаулар қолданылады.

Сонымен қатар, шамамен 2010 жылдардың ортасынан бастап әлемде өздерінің контентін тікелей музыкалық стриминг сервистерге жеткізуге маманданған, орындаушылардың өздері құрған тәуелсіз музыкалық лейблдері көптеп пайда бола бастады. Мұндай ұйымдар толыққанды лейбл бола қоймайды, көбінесе әртістер мен музыкалық стриминг платформалары арасындағы техникалық бірлікті білдіретін ресми атау ретінде қызмет атқарады, ал релиз деректерінде орындаушының лақап атымен көрсетіледі. Бұл тәжірибе музыкалық стриминг сервис қызметтерінің танымалдылығы артуына байланысты кеңінен тарады, соның салдарынан тәуелсіз әртістерге өз музыкаларын цифрлық алаңдарға жеткізуге мүмкіндік беретін сервистердің саны шектен тыс көбейіп кетті. Мұндай сервистер ақылы да, тегін де болуы мүмкін; сондай-ақ кейбір платформаларда стриминг алаңдарының талаптарына тәуелсіз, арнайы кіру шегі (шарттары) де бар.

Дереккөздер

Санат:Инди-лейблдер Санат:Музыкалық индустрия