Star Wars Jedi: Survivor — америкалық Respawn Entertainment компаниясы 2023 жылы шығарған ғылыми фантастикалық видео ойыны. Бұл 2019 жылғы Star Wars Jedi: Fallen Order ойынының жалғасы болып келеді.
Ойыншыға бірінші бөлімдегі оқиғалардан бес жыл кейінгі сюжет ұсынылады. Джедай Кэл Кестисті дыбыстауға Камерон Монахэн оралды. Геймплейі негізімен бірінші бөлімдегідей, механика жағынан біраз жаңалықтар енгізілді.
Ойын негізімен жағымды бағалар алды. Мысалы, Metacritic аггрегаторы оған 85% берсе, OpenCritic 88% берді. The Guardian газеті ойынды «визуал жағынан әсерлі, механика жағынан талғампаз және көңілді лып етіп көтерерлік» деп сипаттады.
2024 жылы бұл ойынның саундтрегі Грэмми сыйлығын жеңіп алды.
Сол жылдың қыркүйегінде жасаушы ұжым ойынның жалғасын дайындап жатқанын растады.
Дереккөздер
Санат:Жұлдызды соғыстар бойынша видео ойындар Санат:Сиквел видео ойындар Санат:Windows-ке арналған ойындар Санат:PlayStation 5-ке арналған ойындар Санат:PlayStation 4-ке арналған ойындар Санат:Xbox Series X/S-ке арналған ойындар Санат:Respawn Entertainment ойындары