Corpus Scriptorum Historiae Byzantinae (қысқартылғанда CSHB; — «Византия тарихын жазушылар корпусы»), сондай-ақ Бонн корпусы деп те аталады — 1828 және 1897 жылдар аралығында Германияның Бонн қаласында жарық көрген Византия империясы тарихын (шамамен 330–1453 жж.) зерттеуге арналған алғашқы дереккөздердің монументалды елу томдық сериясы.Reinsch, Dietrich R. (2010). "The History of Editing Byzantine Historiographical Texts". In Stephenson, Paul (ed.). The Byzantine World. New York: Routledge. pp. 435–445. Әрбір томда византиялық грек тарихи мәтінінің сыни басылымы және онымен қатар жүретін латынша аудармасы берілген.

Тарихшы Бартольд Георг Нибур негізін қалаған бұл жоба 1648–1711 жылдары Парижде иезуит ғалымы Филипп Лаббенің жетекшілігімен жарық көрген бастапқы 24 томдық Corpus Byzantinae Historiae (кейде «Луврдың Византия корпусы» деп аталады) сериясын қайта қарауды және кеңейтуді мақсат етті.H. Omont, "La collection byzantine de Labbe et le projet de J. M. Suarès", Revue des études grecques 17 (1904), p. 18The Life and Letters of Barthold George Niebuhr, ed. K. J. Bunsen, with J. Brandis and J. W. Lorbell (New York: Harper, 1854) p. 483, and letter 364 (pp. 501-502), addressed to Savigny, dated 29 April 1827: "You will have heard of the edition of the Byzantine historians, which I am superintending. It is a great delight to me to be able thus to infuse some life into our literary doings; to give employment to young philologists; to give extension, activity, and perfection to typography; to contribute my mite [sic] to the increase of general prosperity...." Серия алғашқыда Бонн университетінде дайындалды; алайда 1831 жылы Нибур қайтыс болғаннан кейін, жобаны қадағалау Берлиндегі Пруссия ғылым академиясында оның әріптесі Иммануэль Беккерге өтті.

Серияның алғашқы томы мәтіндік детальдарға «жоғары ұқыптылық пен назар аударғаны» үшін үлкен баға алғанымен, кейінірек Беккердің басшылығымен шыққан томдар жиі кездесетін баспа қателіктері, салғырт орындалуы және жалпы сенімсіздігі үшін сынға ұшырады. Осы кемшіліктерді ескере отырып, Халықаралық византиятану қауымдастығы 1966 жылы CSHB-ның Бонн басылымына енген көптеген мәтіндерді қайта өңдеп, басып шығару үшін Corpus Fontium Historiae Byzantinae (CFHB) жобасының негізін қалады.

Томдар тізімі Агафий, ред. Нибур (Бонн, 1828) Анна Комнина, ред. Шопен, 1-том (Бонн, 1839) Анна Комнена, ред. Рейффершайд, 2-том (Бонн, 1878) Михаил Атталиат, ред. Беккер (Бонн, 1853) Иоанн Кантакузин, ред. Шопен, 1-том (Бонн, 1828) Иоанн Кантакузин, ред. Шопен, 2-том (Бонн, 1831) Иоанн Кантакузин, ред. Шопен, 3-том (Бонн, 1832) Георгий Кедрин, ред. Беккер, 1-том (Бонн, 1838) Георгий Кедрин, ред. Беккер, 2-том (Бонн, 1839) Лаоник Халкокондил, ред. Беккер (Бонн, 1843) Пасхальдік хроника (Chronicon Paschale), ред. Л. Диндорф, 1-том (Бонн, 1832) Пасхальдік хроника (Chronicon Paschale), ред. Л. Диндорф, 2-том (Бонн, 1832) Иоанн Киннам, Никифор Вриенний, ред. Мейнеке (Бонн, 1836) Псевдо-Кодин (Codinus Curopalates), ред. Беккер (Бонн, 1839) Георгий Кодин, ред. Беккер (Бонн, 1843) Константин Багрянородный, ред. Рейске, 1-том (Бонн, 1829) Константин Багрянородный, ред. Рейске, 2-том (Бонн, 1830) Константин Багрянородный; Иерокл, ред. Беккер, 3-том (Бонн, 1840) Дексипп, Евнапий, Пётр Патрикий және т.б., ред. Беккер мен Нибур (Бонн, 1829) Дука, ред. Беккер (Бонн, 1834) Ефремий, ред. Беккер (Бонн, 1840) Георгий Синкелл, Никифор ККП, ред. Л. Диндорф, 1-том (Бонн, 1829) Георгий Синкелл, Никифор ККП, ред. Л. Диндорф, 2-том (Бонн, 1829) Михаил Глика, ред. Беккер (Бонн, 1836) Никифор Григора, ред. Шопен, 1-том (Бонн, 1829) Никифор Григора, ред. Шопен, 2-том (Бонн, 1830) Никифор Григора, ред. Беккер, 3-том (Бонн, 1855) Константинопольдің саяси және патриархтық тарихы; Эпиротика''', ред. Беккер (Бонн, 1849) Иоанн Лид, ред. Беккер (Бонн, 1837) Лев Диакон және т.б., ред. Хазе (Bonn, 1828) Лев Грамматик, Евстафий, ред. Беккер (Бонн, 1842) Иоанн Малала, ред. Л. Диндорф (Бонн, 1831) Константин Манассия, Иоиль, Георгий Акрополит, ред. Беккер (Бонн, 1837) Меробавд, Корипп, ред. Беккер (Бонн, 1836) Никита Хониат, ред. Беккер (Бонн, 1835) Георгий Пахимер', ред. Беккер, 1-том (Бонн, 1835) Георгий Пахимер, ред. Беккер, 2-том (Бонн, 1835) Павел Силенциарий, Георгий Писида, Никифор Кполитан, ред. Беккер (Бонн, 1837) Георгий Сфрандзи, Иоанн Канан, Иоанн Анагност, ред. Беккер (Бонн, 1828) Прокопий Кесарийский, ред. К. Dиндорф, 1-том (Бонн, 1833) Прокопий Кесарийский, ред. К. Dиндорф, 2-том (Бонн, 1833) Прокопий Кесарийский, ред. К. Dиндорф, 3-том (Бонн, 1838) Феофан Исповедник, ред. Классен, 1-том (Бонн, 1839) Феофан Исповедник, ред. Классен, 2-том; Анастасий, ред. Беккер (Бонн, 1841) Продолжатель Феофана, Иоанн Камениата, Симеон Магистр, Георгий Амартол, ред. Беккер (Бонн, 1838) Феофилакт Симокатта, ред. Беккер (Бонн, 1834) Иоанн Зонара, ред. Пиндер, 1-том (Бонн, 1841) Иоанн Зонара, ред. Пиндер, 2-том (Бонн, 1844) Иоанн Зонара, ред. Бюттнер-Вобст, 3-том (Бонн, 1897) Зосим'', ред. Беккер (Бонн, 1837)

Әдебиет Irmscher, Johannes (1953). "Das Bonner Corpus und die Berliner Akademie". Cretica Chronica. 7: 360–383. Reinsch, Dietrich R. (2010). "The History of Editing Byzantine Historiographical Texts". In Stephenson, Paul (ed.). The Byzantine World. New York: Routledge. pp. 435–445. ISBN 9781136727870.

Дереккөздер

Санат:Византия әдебиеті Санат:Византиятану Санат:Византия тарихшылары