Ғалымжан Мұқырұлы Ниязов (; 14 сәуір 1973, Маңғыстау ауданы, Қазақстан) — Ақтау қаласының әкімі (2017 жылғы 23 қарашадан 2020 жылғы 26 маусымға дейін).
Өмірбаяны Ғалымжан Мұқырұлы Ниязов 1973 жылғы 14 сәуірде Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының Шетпе кентінде дүниеге келген.
2000 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «инженер-механик» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2008 жылы Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін «өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс және қала шаруашылығы» мамандығы бойынша тәмамдап, инженер біліктілігін алған.
Қазақ және орыс тілдерін меңгерген.
Еңбек жолы 1990–2002 жылдары автослесарь шәкіртінен бастап компания директорына дейін әртүрлі жеке және коммерциялық салаларда жұмыс істеген.
2002–2006 жылдары «Құрылысконсалтинг» ұлттық орталығы» ЖАҚ Маңғыстау облыстық филиалында өндіріс және коммерция жөніндегі бас менеджер, лицензиялық құжаттарды аудиттеу және сараптау бөлімінің жетекші маманы болып жұмыс істеген.
2006–2008 жылдары Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасында іс жүргізуші-мұрағатшы, лицензиялау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген.
2008–2012 жылдары Маңғыстау облысының құрылыс басқармасында құрылыс бөлімінің және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы, басқарма бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.
20 ақпан 2013 — 7 сәуір 2014 аралығында Қызылорда облысының құрылыс басқармасында құрылыс бөлімінің бастығы, басқарма бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.
7 сәуір 2014 — 22 ақпан 2016 аралығында Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болған.
22 ақпан 2016 — 14 ақпан 2017 аралығында Астана қаласындағы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ-ның «СК-Фармация» ЖШС-де бөлім бастығы, басқарушы директор, құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры қызметтерін атқарған.
27 наурыз 2017 — 22 қараша 2017 аралығында Маңғыстау облысы әкімінің құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөніндегі кеңесшісі болған.
23 қараша 2017 — 26 маусым 2020 аралығында Ақтау қаласының әкімі болған.
26 маусым 2020 — қыркүйек аралығында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болған.
Қыркүйек айынан бастап Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының әкімі болған.
Марапаттары
Маңғыстау облысының Құрмет грамотасы (2010 жылғы тамыз) Қызылорда облысының Құрмет грамотасы (наурыз 2016) «Теңге 25 жыл» медалі (2018) «Ақтау қаласына 55 жыл» медалі (2018) «Мұнайлы ауданына 10 жыл» медалі (2018) «МАЭК Қазатомөнеркәсіпке 50 жыл» медалі (2018) «Бейнеу ауданына 45 жыл» медалі (2018) «Қарақия ауданына 45 жыл» медалі (2018) «Жаңаөзен қаласына 50 жыл» медалі (2018) «Маңғыстау ауданына 90 жыл» медалі (2018)
Дереккөздер
Санат:Астанаға 20 жыл медалінің иегерлері Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті түлектері Санат:Ақтау әкімдері Санат:Қызылорда облысының құрметті азаматтары Санат:Маңғыстау облысының құрметті азаматтары