«Ғарыш — Жер шахмат партиясы» — орбитадағы ғарышкерлер мен Жердегі ойыншылардың арасында өткен тарихтағы алғашқы шахмат партиясы, 1970 жылдың 10 маусымында орын алды.

Ғарыш жағынан «Союз-9» бортындағы Андриян Григорьевич Николаев пен Виталий Иванович Севастьянов ойнаса, Жер командасында авиация генерал-полковнигі Николай Петрович Каманин пен ғарышкер Виктор Васильевич Горбатко болды. Ойын радиобайланыстың көмегімен өткізілді.

Бұл сол кездегі ең ұзақ ғарыштық ұшу болды — 17,8 тәулік. Орбитада ғарышкерлердің жұмыстан тыс уақытында кітап оқуға, музыка тыңдауға, тіпті теледидар арқылы футболдан 1970 жылғы әлем біріншілігін тамашалауға мүмкіндіктері болды.

Шахмат ойыны миссияның оныншы күнінде өтті. Ғарышкерлер үшін фигураларды бекітуге болатындай арнайы тақтайша жасалды. Матч қабылданған ферзьдік гамбиттен басталды және шамамен алты сағатқа созылды. 35 жүрістен кейін ойын тең нәтижемен аяқталды. Осы уақытта ғарыш кемесі Жерді төрт рет айналды.

Қазір сол шахмат тақтайшасы мен фигуралар Мәскеудегі Орталық шахмат клубының мұражайында сақтаулы тұр. Оны жасаған инженер М. Клевцов ВДНХ алтын медалімен марапатталған болатын. нобай|«Союз-9» миссиясына арналған пошта маркасы 1977—1989 жылдары ғарышкер Виталий Севастьянов КСРО Шахмат федерациясының төрағасы болып қызмет атқарған.

Ойынның нотациясы 1.d4 d5 2.с4 dc 3.е3 е5 4.С:с4 ed 5.ed Кc6 6.Се3 Cd6 7.Кс3 Kf6 8.Kf3 0—0 9.0—0 Cg4 10.h3 Cf5 11.Kh4 Фd7 12.Фf3 Ke7 13.g4 Cg6 14.Лае1 Kph8 15.Cg5 Keg8 16.Kg2 Лае8 17.Се3 Сb4 18.а3 С:с3 19.bc Ce4 20.Фg3 с6 21.f3 Cd5 22.Cd3 b5 23.Фh4 g6 24.Kf4 Cc4 25.С:c4 bc 26.Cd2 Л:e1 27.Л:e1 Kd5 28.g5 Фd6 29.К:d5 cd 30.Cf4 Фd8 31.Ce5+ f6 32.gf К:f6 33.С:f6+ Л:f6 34.Ле8+ Ф:e8 35.Ф:f6+ Kpg8.

Тең ойын болды.

50-жылдығына арналған партия 2020 жылдың 9 маусымында осы ойынның 50-жылдығына орай Халықаралық ғарыш станциясында болған ғарышкер Анатолий Алексеевич Иванишин және ресейлік гроссмейстером Сергей Александрович Карякин тағы бір шахмат партиясын ойнады, ол да тең нәтижемен аяқталды.

Дереккөздер

Сілтемелер Soyuz 9 Cosmonauts vs Ground Control, Soyuz IX mission (1970), Outer Space

Санат:Шахмат партиялары Санат:1970 жылғы спорт Санат:9 маусым