Кенесқазы Дұрмұхаммедұлы Бәшей (Бәшеев) (1941 ж.) - журналист, публицист.

Өмірбаяны

1941 жылы Семей облысы (қазіргі Абай облысы) Абай ауданы, Қарауыл жерінде тракторшы отбасында дүниеге келген. Училищені аяқтаған соң, екі жыл туған ауылда тракторшы болады ("Тың жерлерді игергені үшін" медалі бар). Кеңес Әскері қатарынан оралғаннан кейін Ташкенттегі Ленин атындағы жалпы әскери командалық училищесін тәмамдап, Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне түседі. Университеттен кейін республикалық «Социалистiк Қазақстан» газетінде (қазіргі Егемен Қазақстан газеті), Компартияның Орталық комитеті «Шалқар» телебағдарламасына бас редакторлыққа жібереді. Кейін Абай аудандық партия комитетінде қызмет етеді. К. Башей Чарскі аудандық газетінде 10 жыл бас редактор болған. Телеарнада еңбек еткен 20 жылды ол Семей облтелерадиокомпаниясының республикалық бағдарламаларында хабар таратуға арнайды. Журналистика саласында кәсіби маман бола жүріп, «Арна» газетінде бас редактор болып, «Орман дауысы» және «Ертіс өнері» газеттеріне басшылық етіп, «Бозбала и бойжеткен» жастарға арналған журнал шығарған.

Марапаттары «КСРО баспа үздігі» белгісімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Қазақстан журналистер сыйлығының лауреаты.