Billboard Canadian Albums — Канададағы ең танымал 100 музыкалық альбом мен мини-альбомның (EP) рейтингін анықтайтын ресми хит-парад. Оны апта сайын (әр дүйсенбі сайын) АҚШ-та орналасқан Luminate музыкалық сатылымды қадағалайтын компания құрастырады және әр сейсенбі сайын американдық Billboard музыкалық және ойын-сауық журналы жариялайды. Альбомдар барлық жанрлар бойынша салыстырылып, альбом сатылымдары, стриминктік сервистердегі тыңдалымдар және альбомдардағы тректердің цифрлық сатылымдары негізінде сараланады.

Тарихы 2015 жылдың 27 қазанына дейін Канаданың альбомдар чарты тек Nielsen SoundScan жинаған және апта сайын жексенбі күні Jam! Canoe басылымында жарияланған таза альбом сатылымдары негізінде анықталатын. Жаңа атаумен шыға бастаған және қазір Billboard журналы жариялайтын Canadian Albums (Канада альбомдары) чартына көшу барысында жаңа формула да қолданылды. Бұл жаңа чарт тарихта тұңғыш рет тек таза альбом сатылымдарымен қатар сұраныс бойынша стриминг белсенділігі мен цифрлық трек сатылымдарын да қамтыды. Сондай-ақ мұнда бір альбомнан он цифрлық трек сатылымын бір эквивалентті альбом сатылымына теңестіретін Трек эквивалентті альбомдар (TEA), сондай-ақ бір альбомнан 1500 ән тыңдалымдарын (стрим) бір эквивалентті альбом сатылымына теңестіретін Стрим эквивалентті альбомдар (SEA) енгізілді.

Чартағы жетістіктер

Бірінші орында ең көп апта болған альбомдар 35 апта Адель – 21 (2011–12)

25 апта Морган Воллен – One Thing at a Time (2023–24)

19 апта Майкл Бубле – Christmas (2011–2026)

15 апта SZA – SOS (2022–25)

13 апта Эминем – The Marshall Mathers LP (2000)

12 апта Адель – 25 (2015–16) Drake – Views (2016) Тейлор Свифт – The Tortured Poets Department (2024) Морган Воллен – I'm the Problem (2025) Тейлор Свифт – The Life of a Showgirl (2025–26)

11 апта Джеймс Хорнер – Titanic: Music from the Motion Picture (1997) Шанайя Твейн – Up! (2002–03)

10 апта Шэгги – Hot Shot (2001) Аврил Лавин – Under My Skin (2004) Леди Гага және Брэдли Купер – A Star Is Born (2018–19) Оливия Родриго – Sour (2021–22)

Бірінші орында ең көп апта өткізген әртістер Тейлор Свифт – 60 Эминем – 55 Адель – 53 Drake – 46 Морган Воллен – 45

Бірінші орынға шыққан альбомдары ең көп әртістер Drake – 16 Селин Дион – 15 (тең) Тейлор Свифт – 15 (тең) Эминем – 11 Канье Уэст – 10 (тең) Джастин Бибер – 10 (тең) Мадонна – 9 U2 – 7 (тең) The Weeknd – 7 (тең) Дереккөздер

Санат:Канада музыкалық чарттары