Лев Гордеевич Бобров (17 маусым 1928 жылы, Алматы қаласында туған) – ауыл шарушылығы ғылыми докторы (1970 жылы), профессор (1971 жылы). Алматы зоотехника-малдәрігерлік институтын (1951 жылы, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. 1951–55 жылдары Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының картоп-көкөніс станциясында кіші ғылыми қызметкер, 1955–62 жылы осы ғылыми-зерттеу институтының ғылыми жұмыстар жөніндегі директорының орынбасары, директоры, 1962–69 жылдары Қазақ КСР-і Ауыл шаруашылығы министрлігінің Республика тәжірибе станциясының директоры, 1969–88 жылдары Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының директоры қызметтерін атқарды. Бобров 195 ғылыми жарияланымның, оның ішінде 5 кітаптың авторы.“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том
Шығармалары
1. "Производство картофеля в Казахстане" -Алматы: Қайнар, 1968;
2. "Семеноводство картофеля в Казахстане" -Алматы: Қайнар, 1976;
3. "Хранение картофеля и овощей в условиях Казахстана" -А: Қайнар, 1982.
4. "Картофель: вкусно, питательно и разнообразно" — Мәскеу, 1975. — 275 б.
5. "Интенсификация картофелеводства в Казахстане" — Алматы, 1976. — 182 б.
6. "Культура картофеля в Казахстане" — Алматы, 1976. — 70 б.
7. "777 блюд из картофеля" — Алматы, 1993. — 275 б.
Сілтемелер 1. "БОБРОВ Лев Гордеевич"
Дереккөздер</span>
Санат:Тұлғалар