(1484) Пострема — Негізгі белдеуге жатқызылатын астероид.
Оны 1938 жылдың 29 сәуірінде Григорий Николаевич Неуймин Қырымдағы Симеиз обсерваториясында ашты.
Латын тілінен Postrema сөзі «соңғысы» деп аударылады. Яғни атауы Неуйминнің соңғы ашқан астероиды екенін көрсету үшін қолданылды. Алайда 1939 жылдың тамызында астроном (2536) Козырев деп аталған аспан денесін ашады.
Дереккөздер
Тағы қараңыз Астероидтар тізімі (1401—1500) Санат:Астероидтар