thumb|Өмірінің соңғы жылдарын өткізген қала - Үрімші Баспай (Башпай) Шолақұлы Бапин (1889, Шығыс Түркістан — 1953, Үрімжі) — Қытай қазақтары арасынан шыққан қайраткер, Шыңжаңдағы Тарбағатай аймағының алғашқы уәлиі (губернаторы).

Қытай үкіметі алдындағы беделін пайдаланып, қазақтар жайлайтын Тарбағатай аймағының әлеуметтік, экономикалық, мәдени дамуы жолында игілікті істер атқарған. Көптеген мектептер ашып, электр стансасын, өндіріс орындарын, Еміл өзенінен көпір (“Баспай көпірі”) салдырған. Уәлилік жалақысын қолына алмай, әр түрлі қоғамдық ұйымдарға аудартып отырған. Отан соғысы кезінде КСРО-ға көмекке 500 атты ер-тұрманымен жіберген (1943).

Қ.Жұмаділовтың “Соңғы көш” романының кейіпкері Жасыбайдың прототипі де осы Баспай. Марапаттары ҚХР-ның 1-дәрежелі “Тәуелсіздік” ордені ҚХР-ның “Азаттық” ордені.Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х

Дереккөздер

Санат:1889 жылы туғандар Санат:Шығыс Түркістанда туғандар Санат:1953 жылы қайтыс болғандар Санат:Үрімжіде қайтыс болғандар Санат:Қытай қазақтары Санат:Қытай мемлекет қайраткерлері Санат:Тарбағатай аймағы уәлилері Санат:1 дәрежелі Тәуелсіздік орденінің (Қытай) иегерлері Санат:Азаттық орденінің (Қытай) иегерлері