Шәкір Әбенов музей-үйі — Абай облысы, Абай ауданы, Құндызды ауылында орналасқан.
Тарихы Шәкір Әбенұлының табиғи тума дарынын фольклор дәстүрі, жазба әдебиеттің үлгісі, классикалық мұралардың тәлімі және Абайдың өлең мәдениеті ұштап өсірді. Шәкір Әбенұлы киелі Шыңғыстау өңірінде ғасырға жуық ғұмыр кешкен халық әдебиетінің білгірі, ескі шежіре, халық ақыны, сазгер, музыкант.Шәкір Әбенұлы 1991жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты өлеңмен құттықтап, бата берген абыз ақын. 2002 жылы Абай ауданы Құндызды ауылындағы ақын үйі Абай музейінің құрамына кіргізіліп, қайта жөндеу және экспозициялық жұмыстары жүргізілді. 2003 жылы 24 қазанда Шәкір Әбенұлы музейі ашылды. Музей ақынның өмірі мен, шығармашылығын бейнелейтін 5 экспозициялық залдан тұрады. Шығыс Қазақстан облысы әкімідігінің 2008 жылғы 25 сәуірдегі №560 қаулысымен жергілікті маңызы бар мәдениет және тарих ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. Ақын, фольклоршы, сазгер Шәкір Әбенұлының туғанына биыл 120 жыл толды. Соған орай ақынның қызы, әрі Құндызды ауылындағы музей-үйінің экскурсоводы Сана Шәкірқызымен әңгімелескенбіз. 2002 жылы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі құрамына өткен ақынның музейіндегі құнды жәдігерлер мен сарғайған қолжазбаларды Сана Шәкірқызы бірнеше жыл үйдің шатырында, сандықта сақтап келген екен.
Жәдігерлері
Дереккөздер
Санат:Мұражайлар