Наурызбай Сейтқалиұлы Байқадамов (10 шілде 1967 жылы туған, қазіргі Қызылорда, Қазақстан) — қазақстандық қоғам қайраткері, тарих ғылымдарының кандидаты (2001). ҚР Парламенті Сенатының бұрынғы депутаты (2024–2026), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы — ректоры (2026 жылдан бастап).
Өмірбаяны Наурызбай Сейтқалиұлы Байқадамов 1967 жылдың 10 шілдесінде қазіргі Қызылорда қаласына қарасты Ж. Махамбетов ауылында дүниеге келген.
1991 жылы Қызылорда педагогикалық институтын (қазіргі Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті) бітірген. 2001 жылы тарих ғылымдарының кандидаттығын қорғаған.
Еңбек жолы 1991–1994 жж. — Сырдария ауданы, Амангелді атындағы №139 мектептің мұғалімі. 1994–2004 жж. — Қызылорда педагогикалық институтында (қазіргі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті) лаборант, ізденуші-оқытушы, оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі. 2004–2007 жж. — Колледж директоры. 2007 ж. — «Nur Otan» ХДП Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары. 2008–2013 жж. — Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры. 2013–2015 жж. — Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы. 2015–2016 жж. — «Nur Otan» ХДП Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары. 2016–2019 жж. — Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы. 2019–2021 жж. — Қызылорда облысы әкімінің орынбасары. 2021–2023 жж. — Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы. 2022–2023 жж. — «Amanat» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы. 2023–2024 жж. — Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы. 2024–2026 жж. — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.https://senate.parlam.kz/kk-KZ/blog/1010/biography 2026 жылдың 10 ақпанынан бастап — Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы — ректоры.СЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2024. ISBN 978-601-7059-54-5
Ғылыми еңбектері 100-ден астам ғылыми, публицистикалық мақаланың, бірнеше оқу құралының авторы.
Марапаттары Құрмет ордені (2017) Парасат ордені (2023) 3-дәрежелі Барыс ордені (2026) Бірнеше мемлекеттік және мерейтойлық медальдар.
Дереккөздер
Санат:Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті түлектері Санат:Ресей ұлттық шаруашылық және мемлекеттік қызмет академиясы түлектері Санат:Қазақстан тарихшылары Санат:Қызылорда облысы мәслихат депутаттары Санат:Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары Санат:Тарих ғылымдарының кандидаттары Санат:Қазақстан жоғары оқу орындары ректорлары