thumb|right|233px|4-дәрежелі көпмүшелік функцияның графигі: төрт түбірі және үш критикалық нүктесі көрсетілген. Төртінші дәрежелі теңдеу немесе квартикалық теңдеу — математикадағы алгебралық теңдеудің мына түрі:

Төртінші дәрежелі теңдеу — жалпы жағдайда, яғни коэффициенттердің кез келген мәндері үшін, радикалдар арқылы шешілуі мүмкін алгебралық теңдеулердің ең жоғары дәрежелі түрі.

функциясы жұп дәрежелі көпмүше болғандықтан, айнымалысы және мәндеріне ұмтылғанда функцияның шектік бағыты бірдей болады. Егер болса, функция екі жақта да -ке ұмтылады және оның жаһандық минимумы болады. Егер болса, функция екі жақта да -ке ұмтылады және оның жаһандық максимумы болады.

Түбірлері

Кешен сандар өрісінде, алгебраның негізгі теоремасына сәйкес, төртінші дәрежелі теңдеу

еселіктерін қоса есептегенде төрт түбірге ие болады:

Теңдеудің дискриминанты:

Нақты коэффициенттер жағдайында дискриминант түбірлердің сипаты туралы маңызды ақпарат береді:

Егер болса, онда теңдеудің 4 түрлі нақты түбірі болады. Егер болса, онда теңдеудің 4 түрлі түбірі болады, оның кем дегенде 1-еуі комплексті. Егер болса, кемінде екі түбір беттеседі, яғни теңдеудің еселі түбірі бар.

Толығырақ жіктеуде мына шамалар пайдаланылады:

Егер , және болса, онда төрт түбірдің барлығы әртүрлі және нақты болады.. Ал кезінде немесе болса, нақты түбір болмайды, түбірлер екі комплекс түйіндес жұпқа бөлінеді.

Виет формулалары бойынша төртінші дәрежелі теңдеудің түбірлері мен коэффициенттері арасында мына қатынастар орындалады:

Тарихы

Төртінші дәрежелі теңдеулерді алғаш қарастырғандардың қатарына ежелгі үнді математиктері жатады. Мұндай теңдеулер б.з.д. IV ғасыр мен б.з. II ғасыры аралығындағы үнді математикалық дәстүрінде зерттелген деп есептеледі.

Төртінші дәрежелі теңдеудің жалпы шешімін табу Лодовико Феррариге телінеді. Ол бұл нәтижеге 1540 жылы жеткен, алайда шешім кубтық теңдеуді шешуге сүйенгендіктен, бірден жарияланбаған. Кейін бұл шешім Ферраридің ұстазы Джероламо Карданоның куб теңдеу шешімімен бірге 1545 жылы Ars Magna еңбегінде жарияланды.

Төртінші дәреже — жалпы түрде радикалдар арқылы шешілетін теңдеулердің ең жоғары дәрежесі екені Абель — Руффини теоремасы арқылы дәлелденді. Бұл теорема бесінші және одан жоғары дәрежелі теңдеулердің жалпы жағдайда радикалдар арқылы шешілмейтінін көрсетеді. Кейін Эварист Галуа қалдырған идеялар Галуа теориясының қалыптасуына алып келді.

Шешу әдістері

Резольвента арқылы шешу

Төртінші дәрежелі келтірілген теңдеуді қарастырайық:

Бұл теңдеуді шешу кубтық резольвентаны шешуге келтіріледі:

Резольвентаның түбірлері бастапқы теңдеудің түбірлері арқылы былай өрнектеледі:

Резольвентаның түбірлері Кардано формуласы арқылы табылады. Осы үш қатынас және

теңдігі төрт белгісізі бар төрт алгебралық теңдеулер жүйесін береді.

Декарт — Эйлер әдісі

Жалпы төртінші дәрежелі теңдеу берілсін:

Мына алмастыру жасалады:

Сонда теңдеу келтірілген түрге келеді:

мұндағы

Осы теңдеудің түбірлері

түріндегі өрнектердің бірі болады. Мұндағы таңбалар

шарты орындалатындай таңдалады, ал мына куб теңдеудің түбірлері:

Феррари әдісі

Феррари әдісі төртінші дәрежелі теңдеуді екі квадрат теңдеуге жіктеуге негізделген. Теңдеу мына түрде берілсін:

Егер мына куб теңдеудің кез келген түбірі болса:

онда бастапқы теңдеудің төрт түбірі мына екі квадрат теңдеуден табылады:

Оң жақтағы түбір астындағы өрнек толық квадрат болады, сондықтан теңдеу екі квадрат теңдеуге бөлінеді.

Биквадраттық теңдеу

Биквадраттық теңдеу — төртінші дәрежелі теңдеудің арнайы түрі:

Мұнда және мүшелерінің коэффициенттері нөлге тең. алмастыруы арқылы ол квадрат теңдеуге келтіріледі:

Оның төрт түбірі мына формуламен табылады:

Қайтымды төртінші дәрежелі теңдеулер

Қайтымды, немесе реципроктық, төртінші дәрежелі теңдеу де салыстырмалы түрде оңай шешіледі. Ол мына түрде болады:

Теңдеуді -ке бөліп, мына түрге келтіруге болады:

Егер

деп алсақ, онда

Сондықтан алдымен

квадрат теңдеуі шешіледі, содан кейін

теңдеуі арқылы бастапқы айнымалы табылады.

Әдебиет Корн Г., Корн Т. Справочник по математике для научных работников и инженеров. — М.: Наука, 2003. — 832 б. — ISBN 5-8114-0485-9. Табачников С. Л., Фукс Д. Б. Математический дивертисмент. — М.: МЦНМО, 2011. — 512 б. — ISBN 978-5-94057-731-7. Stewart, Ian. Galois Theory. Third Edition. — Chapman & Hall/CRC Mathematics, 2004.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Санат:Көпмүшеліктер Санат:Теңдеулер