Новошумное — Қостанай облысы Фёдоров ауданындағы ауыл, Новошумный ауылдық әкімдігі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Фёдоровка ауылынан солтүстікке қарай 45 км жерде, Үлкен Қоскөл көлінің шығыс жағалауында орналасқан.
Халқы 1999 жылы ауылдың тұрғындары 1342 адам (643 ер адам және 699 әйел адам) болса, 2009 жылы 1086 адамды (536 ер адам және 550 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Тарихы Іргесі 1930 жылы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезінде қаланған. 1936–96 жылдары астық өсіретін Чапаев атындағы ұжымшар орталығы болып келген. Ұжымшар негізінде Новошумноеде ӨК және бірнеше шаруа қожалығы жұмыс істейді.
Дереккөздер
Санат:Фёдоров ауданы елді мекендері