thumb|right|300px|Осман империясы 1788 жылы Карансебеске шабуыл жасады Карансебес шайқасы () — 1788-1791 жылдардағы Аустро-Түркия соғысы кезінде, 1788 жылдың 21-22 қыркүйегіне қараған түні Австрия армиясындағы "достық атыс" оқиғасы (friendly fire incident). Кейбір тарихшылар бұл шайқасты «тарихтағы ең нашар достық атыс оқиғасы» деп атаған.
Оқиға Аустрия 1788 жылы Осман түріктерімен соғысу үшін Еуропадағы ең үлкен армияны жинайды: 100 000 тәртіпті сарбаз шайқасқа даяр болады.
Қыркүйектің 21–22 түні ауыр қосын соғысты күтіп жатқанда, қараңғы түнде бірнеше ішіп алған сарбаз «Түріктер! Түріктер!» деп айқайлайды. Арасынан арақ сұрап, төбелескен біреуі оқ атады.Friedrich Christoph Schlosser (December 31, 1844). History of the Eighteenth Century and of the Nineteenth Till the Overthrow of the French Empire: With Particular Reference to Mental Cultivation and Progress. Volume 6. Chapman and Hall.
Австриялықтар, румындар, сербтер, хорваттар және итальяндар секілді бірін-бірі түсіне берметін үлкен қосында дереу дүрбелең басталды. Жау келген екен деп қараңғыда 100 000 адамдық қосынның бір тобы екіншісіне оқ ата бастайды. Атқа қонып үлгірген жауынгерлер қараңғыда ербеңдеген жаяуларын ойқастап өлтіре бастайды. Қолбасылардың бұйрығын тосын басталған у-шуда ешкім естімейді. Олардың "Halt! Halt!" деген немісше сөзін басқалары "Allah! Allah!" деп естіген болуы мүмкін дейтін де болжамдар бар."Zur Kriegsgeschichte" [On the history of the war), Real Zeitung (Erlangen, Bavaria, Germany), 7 October 1788, no. 80, pp. 723–729; see especially pp. 726–728."III. Geschichte des Feldzugs 1788 der k.k. Hauptarmee gegen die Türken (Fortsetzung)" [III. History of the 1788 campaign of the imperial main army against the Turks (continuation)], Oestreichische militärische Zeitschrift [Austrian military journal], 4 : 58–70 (1831); see especially pp. 58–65.
Гусарлар қашып бара жатқанда, корпус командирі Коллоредо мұны Осман әскерінің атты әскер шабуылы деп ойлап, артиллериядан оқ атуға бұйрық берді.
Түні бойғы өздерін өздері қырған дүрбелеңнен таңертең 10 000 -нан артық австриялық әскер қаза тапқаны мәлім болады.Regan, Geoffrey, The Brassey's Book of Military Blunders (Washington, DC: Brassey's, 2000), p. 48.Mayer, Matthew Z. (1997). Joseph II and the campaign of 1788 against the Ottoman Turks (Master's thesis). Montreal, Quebec, Canada: Joe McGill University. pp. 61–62. Екі күннен кейін түрік әскері келіп жеткенде мәйіттері шашылған шайқас майданын көреді. Әбден қалжыраған және рухы түскен Австрия қосыны тізе бүгеді, Түріктер бір оқ атпай Karánsebesті басып алды.
Бұл тарихта 100 000 адамнан тұратын қосын өзінен өзі жеңілген жалғыз шайқас ретінде Карансебес шайқасы (The Battle of Karánsebes) деген атпен тарихқа қалды.
Дереккөздер
Санат:Шайқастар Санат:Аустрия шайқастары Санат:Османлы империясы шайқастары