Михаил Пантелеевич Карпенко (7 қараша 1908, Нарин-Кунта ауылы, Верхолен уезі, Иркутск губерниясы, Ресей империясы — 16 қазан 1983, Семей, Қазақ КСР) — кеңестік партия және мемлекет қайраткері. Қазақстан КП Семей облыстық комитетінің бірінші хатшысы (1961–1970).
Өмірбаяны 1928 жылы Иркутск ауыл шаруашылығы техникумын бітірді.
1928—1930 жылдары аудандық агрономның көмекшісі, содан соң ұжымшар төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
1930—1931 жылдары ЖШҚӘ қатарында әскери борышын өтеді.
1931—1936 жылдары Черемхово ауыл шаруашылығы комбинатының техникалық директоры, одан кейін аудандық жер бөлімінің бас агрономы, машина-трактор станциясының бас агрономы болып істеді.
1937—1938 жылдары Краснояр өлкелік жер бөлімінің басшысы болып еңбектенді.
1938—1940 жылдары мемлекеттік сұрыпты сынау үлескісінің меңгерушісі болып күн көрді.
1940—1943 жылдары машина-трактор станциясының директоры болып жұмыс істеді.
1943—1945 жылдары Минусин аудандық кеңесі атқару комитетінің төрағасы (Краснояр өлкесі) лауазымында мехнат қылды.
1945—1948 жылдары астық кеңшарының директоры қызметін атқарды.
1948—1954 жылдары Краснояр өлкелік ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып істеді.
1952 жылы Омбы ауыл шаруашылығы институтын сырттай тәмамдады.
1954—1956 жылдары Краснояр өлкелік кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1-орынбасары болып еңбектенді.
1956—1957 жылдары КСРО ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары болып күн көрді.
1957—1958 жылдары Қазақстан КП Қостанай облыстық комитетінің 2-хатшысы болып жұмыс істеді.
1958 жылдан бастап — 1961 жылдың қаңтарына дейін Қазақ КСР нан өнімдері министрі болып еңбек етті.
1961 жылдың қаңтарынан — 1970 жылдың сәуіріне дейін Қазақстан КП Семей облыстық комитетінің 1-хатшысы лауазымында мехнат қылды.
1970 жылы зейнетке шықтыАшимбаев Д. Р. Кто есть кто в Казахстане. Биографическая энциклопедия. Алматы, 2008.
КСРО Жоғарғы Кеңесінің 6-7 шақырылымдары депутаты.
1983 жылы 16 қазанда қайтыс болып, Семей қаласындағы ескі православие зиратына жерленді.
Дереккөздер
Сілтемелер Михаил Карпенко. 1898–1991 жж. Коммунистік партия және Кеңес Одағы тарихының анықтамалығы.
Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 6-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 7-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан КП Семей облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Қазақ КСР халық комиссарлары мен министрлері Санат:Красноярск өлкелік кеңесінің депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 5-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан КП Қостанай облыстық комитетінің екінші хатшылары Санат:КОКП XXII съезінің делегаттары Санат:КОКП XXIII съезінің делегаттары Санат:Семейде жерленгендер