Яков Беляков (нақты есімі белгісіз; XVIII ғасырдың соңы, Кіші жүз — 1834 жылдан кейін, Ресей империясы) — 1812 жылғы Отан соғысы мен орыс армиясының шетелдік жорықтарына қатысушы, 3-ші Орынбор қазақ полкінің жасауылы (урядник және зауряд-хорунжий). Наполеонға қарсы соғыста көрсеткен ерлігі үшін Ресей империясының жауынгерлік наградаларымен марапатталған ең танымал этникалық қазақтардың бірі.

Өмірбаяны Кіші жүз (қазіргі Батыс Қазақстан) аумағында дүниеге келген. Жастайынан орыс ортасына түсіп, Яков Беляков есімімен православ дінін (шоқындырылған қазақ) қабылдаған және Орынбор қазақ әскерінің қатарына алынған.

Әскери қызметі 3-ші Орынбор қазақ полкінің құрамында 1812 жылғы Отан соғысының ұрыстарына қатысты.Казахи в Отечественной войне 1812 г. Оған дейін 1809–1810 жылдары Орыс-түрік соғысының майданында болып, көрсеткен ерлігі үшін орыс қолбасшысы Михаил Кутузовтың өз қолынан марапат алған болатын.

1813–1814 жылдары орыс армиясының шетелдік жорықтарына қатысты. Еуропадағы бірқатар шешуші шайқастарда, соның ішінде Лейпцигтегі «Халықтар шайқасында», Веймар түбіндегі және Париж қабырғаларындағы ұрыстарда ерекше көзге түсті. Ерлігі үшін Георгий кресімен (Әскери орденнің айрым белгісі), сондай-ақ «1812 жылғы Отан соғысының құрметіне» және «Парижді алғаны үшін» күміс медальдарымен марапатталды.Қазақтардың 1812 жылғы Отан соғысына қатысуы

Кейіннен 1828–1829 жылдардағы Орыс-түрік соғысына қайта қатысып, ауыр жарақат алды.

Туған жеріне оралуы 1830 жылы денсаулығының нашарлауына байланысты зауряд-хорунжий (казак әскеріндегі офицерлік шен) шенінде отставкаға шығуға өтініш береді. Әскери қызметтен босатылғаннан кейін Беляков Орынбор өлкесінің әскери губернаторы П. Эссенге ресми хат жолдап, өзінің тегі қазақ екенін айтып, далаға — өз руластарына (туған ауылына) қайтуға және ата-баба діні — исламды қайта қабылдауға рұқсат сұрайды. Өтініші қанағаттандырылғаннан кейін ол Кіші жүзге аттанады. Одан кейінгі тағдыры белгісіз.

Тарихи маңызы Яков Беляковтың тұлғасы отандық историографияда қазақ жауынгерлерінің (Майлыбайұлы, Қарынбай Зындағұлұлы және т.б. қатар) Наполеон армиясын талқандауға қосқан үлесінің жарқын мысалы ретінде жиі келтіріледі.

Дереккөздер

Санат:Қазақ батырлары