Ланиакея () - Құс жолы галактикасы орналасқан аса ірі галактикалар супершоғыларлануы. Бұл құрылым шамамен 100 000 - нан астам галактиканы қамтиды және диаметрі 500 миллион жарық жылына жуық аумақты алып жатыр. Ланиакея атауы гавай тілінен аударғанда "шексіз аспан" немесе "ұлан-ғайыр көкжиек" деген мағынаны білдіреді. Супершоғырлану 2014 жылы астрономдар тобы жүргізген зерттеулердің нәтижесінде анықталды.

Ашылу тарихы Ланиакея ұғымы 2014 жылы америкалық астроном Р.Брент Талли бастаған халықаралық зерттеушілер тобының еңбегі нәтижесінде енгізілді. Ғалымдар галактикалардың кеңістіктегі қозғалысын зерттей отырып, олардың белгілі бір тартылыс орталығына қарай бағытталатынын анықтады. Осы қозғалыстардың негізінде бұрын жеке қарастырылып келген бірнеше галактикалық құрылымдардың біртұтас жүйеге жататыны көрсетілді.

Құрылымы Ланиакея құрамына көптеген галактикалар топтары мен шоғырлары кіреді. Олардың ішінде Құс жолы орналасқан Жергілікті топ та бар. Сонымен қатар, Бикеш Шоғырлануы, Гидра және Центавр шоғырлары осы супершоғырланудың маңызды бөліктері болып саналады. Ланиакеяның орталық аймағы ретінде "Ұлы тартқыш" деп аталатын гравитациялық аномалия қарастырылады.

Өлшемдері Ғалымдардың бағалауы бойынша, Ланиакеяның диаметрі шамамен 160 мегапарсекке немесе 520 миллион шамамен 10 есе артық. Мұндай ауқым оны Ғалымдағы ең ірі белгілі құрылымдардың біріне айналдырады.

Астрономиядағы маңызы Ланиакеяның анықталуы Ғаламның ірі масштабтағы құрылымын түсінуге мүмкіндік берді. Бұл жаңалық галактикалардың таралу заңдылықтарын және олардың өзара гравитациялық байланыстарын зерттеуге жаңа серпін берді. Сонымен қатар, супершоғырланулардың шекарасын анықтаудың жаңа әдістерін дамытуға ықпал етті.

Дереккөздер