Георгий Алексеевич Козлов (23 сәуір 1909, Николаевск, Николаев уезі, Самара губерниясы, Ресей империясы — 23 қаңтар 1976, , Қазақ КСР) — кеңестік партия және мемлекет қайраткері. КОКП Свердловск қалалық комитетінің бірінші хатшысы (1955-1958), Қазақстан КП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшысы (1958-1959), Қазақстан КП ОК хатшысы (1959-1965).
Өмірбаяны 1909 жылы 23 сәуірде Ресей империясы Самара губерниясының Николаевск қаласында дүниеге келді.
1920 жылы бастауыш мектептің 4 сыныбын бітірді.
1921 жылдың сәуірінен 1923 жылдың сәуіріне дейін, Еділ бойындағы ашаршылық кезінде, панасыз күндерін өткізіп, ұстаның шәкірті болып жұмыс істеді және жеке тұлғаларға жалданып қосымша ақша тапты. 1923 жылдың сәуірінен бастап Мәскеу-Киев теміржолындағы Брянск II станция депосында сілесірдің шәкірті, содан кейін сілесір болып күн көрді.
1927 жылдың мамыр айынан бастап Сарытау облысының Пугачев қаласындағы «Крестьянин» газетінің баспаханасында сілесір қызметін атқарды. 1926-1927 жылдары техникумға түсуге дайындық курстарына қатысты. 1928 жылдың қыркүйегінен 1930 жылдың сәуіріне дейін Сарытау индустриалдық техникумының жылу техникасы бөлімшесінде оқыды; өндіріске жұмылдырылуына байланысты оқуын аяқтай алмады.
1930 жылдың сәуір айынан бастап Сарытау комбайн зауытында техник-нормалаушы, конструктор болып жұмыс істеді.
1931 жылдың қыркүйегінен – 1932 жылдың мамырына дейін М. И. Калинин атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы машина жасау институтының студенті болды; басқа жоғары оқу орнына ауысуына байланысты оқуын аяқтамады. 1932 жылдың маусымынан – 1935 жылдың мамырына дейін Мәскеу болат институтының қысыммен өңдеу факультетінің студенті болып, «Ұсталық іс» мамандығы бойынша инженер-металлург біліктілігін алды.
1935 жылдың мамыр айынан бастап Свердлов облысының Төменгі Тагил қаласындағы Орал вагон жасау зауытында (1941 ж. бастап № 183 Орал танк зауыты) ұстахана цехының энергетигі, 1938 жылдың маусым айынан бастап өс-соғу цехының басшысы, 1939 жылдың маусым айынан бастап сығымдау цехы басшысының орынбасары, 1939 жылдың қараша айынан бастап зауыт өндірісі басшысының орынбасары, 1940 жылдың наурыз айынан бастап зауыт комитетінің төрағасы, 1941 жылдың сәуір айынан бастап ұстахана цехының басшысы, 1942 жылдың қаңтар айынан бастап сығымдау цехының басшысы, 1942 жылдың сәуір айынан бастап ұстахана цехының басшысы болып еңбек етті. Сонымен қатар, 1936–1937 жылдары БК(б)П ОК жанындағы Жаппай сырттай оқыту институтының БК(б)П тарихы бөлімінде тыңдаушы ретінде білім алды; насихатшы.
1945 жылдың қыркүйегінен бастап БК(б)П Төменгі Тагил қалалық комитеті хатшысының қара металлургия жөніндегі орынбасары болып істеді. 1946 жылдың маусымынан бастап БК(б)П Төменгі Тагил қалалық комитетінің 2-хатшысы болып еңбектенді. 1949 жылдың наурызынан бастап БК(б)П–КОКП Төменгі Тагил қалалық комитетінің 1-хатшысы лауазымында мехнат қылды.
1954 жылдың шілдесінен бастап КОКП Свердлов облыстық комитетінің хатшысы болып жұмыс істеді. 1955 жылдың желтоқсанынан бастап КОКП Свердлов қалалық комитетінің 1-хатшысы. Сонымен бірге, 1957 жылы КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін тәмамдады.
1958 жылдың 9 шілдесінен — 1959 жылдың 6 мамырына дейін Қазақстан КП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің 1-хатшысы қызметін атқарды.
1959 жылдың 25 сәуіріненҚазақстан КП ОК XV пленумының 1959 жылғы 24–25 сәуірдегі қаулысы. — 1966 жылдың 22 қаңтарынаҚазақстан КП ОК XV пленумының 1966 жылғы 21–22 қаңтардағы қаулысы. дейін Қазақстан КП ОК хатшысы болды.
1962 жылдың желтоқсанынан — 1965 жылға дейін Қазақстан КП ОК хатшысы — Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары — Қазақстан КП Орталық Комитеті мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің партиялы-мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы ретінде еңбек етті.
1965 жылдың желтоқсанынан — 1971 жылдың ақпанына дейін Қазақ КСР халықтық бақылау комитетінің төрағасы болып істеді.
1971 жылдың ақпан айында зейнетке шықтыАшимбаев Д. Р. Кто есть кто в Казахстане. Биографическая энциклопедия. Алматы, 2008.
1976 жылы 23 қаңтарда Алматыда қайтыс болып, қаланың Орталық зиратына жерленді.
Республикалық билік органдарындағы қызметі 1959—1971 жылдары Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің мүшесі. 1959 жылдың 25 сәуірінен — 1962 жылдың желтоқсанына дейін және 1966 жылдың 23 маусымынан — 1971 жылдың ақпанына дейін Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитеті бюросының мүшесі. 1962 жылдың желтоқсанынан — 1966 жылдың 23 маусымына дейін Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитеті төралқасының мүшесі болды.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің V–VII шақырылымдары депутаты. 1959–1963 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі төралқасының мүшесі болды.
Орталық билік органдарындағы қызметі КОКП XX және XXI съездерінің делегаты. КСРО Жоғарғы Кеңесінің V шақырылым депутаты болды.
Марапаттары 1944 жылы Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің тапсырмаларын орындағаны үшін Ленин орденімен марапатталды; 1958 жылы қара металлургияны дамытудағы жетістіктері үшін Ленин орденімен марапатталды; 1971 жылы халық шаруашылығын жоспарлау, қаржыландыру, несиелеу, есепке алу, бақылау, материалды-техникалық қамтамасыз ету салаларындағы табысты жұмысы және бесжылдық жоспар тапсырмаларын орындау үшін ресурстарды жұмылдырғаны үшін Қазан төңкерісі орденімен марапатталды; 1957 жылы КСРО Үкіметінің ерекше тапсырмасын орындағаны үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды; 1966 жылы мал шаруашылығын дамыту, ет, сүт, жұмыртқа, жүн және басқа да өнімдерді өндіру мен дайындаудағы жетістіктері үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды; 1943 жылы Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің тапсырмаларын орындағаны үшін «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталды; 1942 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды; 1945 жылы «1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды; 1957 жылы «Тың жерлерді игергені үшін» медалімен марапатталды; 1970 жылы «В. И. Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай. Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды; Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Әдебиет Рабинович Р. Л. В ответе за город. Руководители Нижнего Тагила. — Нижний Тагил: Репринт, 2007. — С. 170—172. Сушков А. В. Козлов Георгий Алексеевич // Инженеры Урала: Энциклопедия. Т. II. — Екатеринбург: Уральский рабочий, 2007. — С. 348. Сушков А. В. Руководители города Свердловска: первые секретари горкома ВКП(б)—КПСС (1932—1991), вторые секретари горкома ВКП(б) (1937—1950): историко-биографический справочник. — Екатеринбург: Банк культурной информации, 2007. — С. 62—64. Кітап
Дереккөздер
Сілтемелер Георгий Козлов. 1898–1991 жж. Коммунистік партия және Кеңес Одағы тарихының анықтамалығы.
Санат:КОКП ОК жанындағы Жоғарғы партия мектебі түлектері Санат:КОКП Төменгі Тагил қалалық комитетінің бірінші хатшылары Санат:КОКП Свердлов қалалық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Қазақстан КП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшелері Санат:КОКП XX съезінің делегаттары Санат:КОКП XXI съезінің делегаттары Санат:Қазақстан Компартиясы ОК хатшылары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 5-шақырылымының депутаттары Санат:КОКП Свердлов облыстық комитетінің хатшылары Санат:Қазақстан КП ОК Бюро мүшелері Санат:КОКП Төменгі Тагил қалалық комитетінің екінші хатшылары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 5-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 6-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 7-шақырылымының депутаттары