Еуразиялық экономикалық форум (ЕЭФ) — Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясында өткізілетін жыл сайынғы халықаралық бизнес, саяси және сарапшылық алаң. Форум ЕАЭО мүше елдерінің экономикалық ынтымақтастығын дамытуға, инвестициялық мүмкіндіктерді талқылауға және жаһандық экономикалық өзгерістерге бейімделуге арналған.
Еуразиялық экономикалық форум жыл сайын Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте, Еуразиялық үкіметаралық кеңесте және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінде төрағалық ететін мүше мемлекетте Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысына орайластырылып өткізіледі.
Форумды өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыру Одақ органдарында төрағалық ететін мүше мемлекеттің Еуразиялық экономикалық форумның күн тәртібіне ол енгізген мәселелер бойынша қаржылық жәрдемімен Еуразиялық экономикалық одақ бюджетінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады деп белгіленген.
Тарихы Еуразиялық экономикалық форум алғаш рет 2022 жылы Бішкекте (Қырғызстан) өтті. Тақырыбы: «Жаһандық өзгерістер кезіндегі еуразиялық экономикалық интеграция. Жаңа инвестициялық мүмкіндіктер».
2023 жыл — 2-ші форум Мәскеуде (Ресей) өтті. 2024 жыл — 3-ші форум Ереванда (Армения) өтті. Бұл ЕАЭО құрылтай шартына қол қойылғанына 10 жыл толуына арналды. 2025 жыл — 4-ші форум Минск, Беларусь. 2026 жыл, 28-29 мамыр — 5-ші форум Астанада (Қазақстан) өтті. Қазақстанның ЕАЭО-дағы төрағалығы аясында ұйымдастырылуда. Басты тақырыбы: «Жаһандық цифрлық бәсекедегі ЕАЭО: жасанды интеллектіге басымдық беру».
Форум дәстүрлі түрде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер басшыларының Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысымен тұспа-тұс өткізіледі.
Мақсаттары мен міндеттері
ЕАЭО ішіндегі ортақ нарықты (тауар, қызмет, капитал, еңбек күші) дамыту; Цифрлық трансформация, жасанды интеллект, энергия, көлік дәліздері, киберқауіпсіздік сияқты өзекті мәселелерді талқылау; ЕАЭО-ның үшінші елдермен (Қытай, Үндістан, Иран, Таяу Шығыс елдері және т.б.) ынтымақтастығын кеңейту; Бизнес-қоғамдастық үшін жаңа инвестициялық жобалар мен серіктестіктерді іске асыру.
2026 жылғы форум (Астана) 2026 жылғы форумға 40-тан астам елден 3000-ға жуық қатысушы жиналды. Іс-шараға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Ресей Президенті Владимир Путин және басқа да мемлекет басшылары қатысты.
Ұйымдастырушылар Форумды Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) ЕАЭО-дағы төрағалық ететін елдің үкіметімен бірлесіп ұйымдастырады. Дереккөздер
Санат:Форумдар Санат:Еуразиялық Одақ Санат:2026 жылғы оқиғалар