Dubul’ ibhunu — бурды атып өлтір, бурды өлтір немесе фермерді өлтір деп аударылатын даулы оңтүстік африкалық анти-Апартеидтік ән. Бұл ән Коса және Зулу тілдерінде орындалады. Шығу тегі Апартеидке қарсы күрес кезеңіне жатады, сол кезде ОАР-дағы Африканерлер басымдықтағы Ұлттық партия үкіметіне қарсы наразылық ретінде айтылған. 2010 жылдан кейін қайтадан кең танымал бола бастады, әсіресе Африкалық ұлттық конгрессі мен Экономикалық бостандық үшін күресушілер өткізген саяси митингілерде қолданылғаннан кейін.
Оңтүстік Африкадағы соттар 2010 жылы бұл әнді жек көрушілікке шақыру түрі деп таныған, алайда 2022 жылы 2020 жылғы бір нақты наразылық ісіне қатысты шешімде бұл ұстаным ішінара қайта қаралған. 2020 жылғы Сенекал оқиғасында ферма менеджерінің өліміне байланысты наразылықтардан кейін бұл әнге қатысты құқықтық және қоғамдық пікір қайта күшейген. Қолдаушылардың пікірінше, ән ОАР тарихындағы маңызды кезеңді бейнелейді, саяси пікірталастың бір бөлігі болып табылады және оның мәні қате түрде “фермерлерді өлтіруге шақыру” ретінде түсіндірілген. Қарсы тарап болса, әннің тікелей мағынада түсіндіріліп, зорлық-зомбылық пен жек көрушілікке итермелеуі мүмкін екенін айтады. Оңтүстік Африкадағы кейбір әлеуметтік және саяси сарапшылар, соның ішінде Джонатан Янсен және Стивен Грутес бұл әннің ел ішіндегі нәсілдік бөлінуді күшейтіп, саяси поляризацияны арттыратынын атап өткен.
Түсіндіру Бурлар африканерлердің бір тармағы. Олар оңтүстік Африкадағы шығыс Кап аймағында өмір сүрген нидерландтілді еркін қоныстанушылардың ұрпақтары болып саналады. Кейін олар Ұлы көшу кезінде қазіргі Оңтүстік Африка Республикасы аумағының басқа бөліктеріне қоныс аударған. «Boer» сөзі африкаанс тілінде «фермер» деген мағына береді. Контекстке байланысты бұл сөзді африканер емес адамдар қолданғанда кемсітуші немесе қорлайтын мағынада да қолданылуы мүмкін.
Түсіндірілуіне қарай бұл ән Ұлттық партия сияқты институционалдық құрылымдарға немесе нақты адамдар топтарына қатысты болуы мүмкін. Мысалы, апартеид кезеңіндегі Оңтүстік Африка полициясының африканер қызметкерлері (ауызша тілде «бурлар» деп аталған), сол кездегі қарулы күштер, ақ нәсілді фермерлер, не жалпы африканерлер немесе ақ нәсілді оңтүстік африкалықтар туралы айтылуы ықтимал.
Африкалық ұлттық конгресіның сол кездегі бас хатшысы Гведе Манташе «dubul’ ibhunu» әнін «бурды өлтір, фермерді өлтір» деп түсіндіру әннің «дөрекілендірілген» нұсқасын қабылдау екенін айтқан. Оның пікірінше, мұндай түсіндіру қақтығысты қоздырады, ал әнді апартеидке қарсы күрес контекстінде белгілі бір жүйеге қарсы бағытталған шығарма ретінде қарастыру керек. АҚШ-тың ОАР-дағы елшісі Лео Брент Боззелл III АҚШ үкіметі бұл әнді жек көрушілікке шақырудың бір түрі деп санайтынын мәлімдеген. ОАР үкіметінің әнді ресми түрде айыптамауы ОАР мен АҚШ арасындағы қатынастарға елеулі кедергі келтіретінін айтқан.
Тарихы Бұл әннің шығу тегі Оңтүстік Африка Республикасыдағы апартеидке қарсы қозғалыстың түрлі саяси бағыттарымен байланысты. Африка ұлттық конгресі де, Пан-Африкашыл конгрессда қолданған. Ән toyi-toyi деп аталатын наразылық биінен де ертерек пайда болған.
“Dubul’ ibhunu” әні туралы алғаш тіркелген деректердің бірі 1985 жылғы Делмас сатқындық соты кезінде айтылған. Сот барысында прокурор айыпталушыларды осы әнмен байланыстырып, олардың қасақана ниетін дәлелдеуге тырысқан. Алайда қорғау тарапы айыпталушылар ән орындалған кезде оқиға орнында болмағанын дәлелдеп, олардың әрекеттерінде қылмыстық ниет болмағаны жөніндегі уәжді қорғап шыққан.
Шындық және татуласу комиссиясы тыңдаулары кезінде Нтутуко Чуэне 1992 жылғы тамызда фермада Годфри Фредерик Ланц Хойерді өлтіргенін және оған Африка ұлттық конгресі митингілеріндегі «бурды өлтір, фермерді өлтір» ұраны әсер еткенін мәлімдеген. Чуэне Хойерді өлтіргені үшін сотталған және бұл әрекет саяси себеппен жасалды деп, рақымшылық сұраған. Хойердің жұбайы Чуэнеге амнистия беруге қарсы болып, оның әрекеті саяси емес, қылмыстық сипатта болды деп есептеген.
Апартеидке қарсы белсенді әрі саясаткер Питер Мокаба бұл әнді 1993 жылы қастандықпен өлтірілген апартеидке қарсы көшбасшы Крис Ханиге арналған еске алу митингінде орындаған. 1994 жылғы Оңтүстік Африканың алғашқы демократиялық сайлауы қарсаңындағы кезең және биліктің ақ нәсілді азшылық үкіметінен берілуі ОАР үшін тұрақсыз уақыт болды. Бұл кезеңде кең көлемді нәсілдік зорлық-зомбылық болуы мүмкін деген қорқыныш күшейді. Крис Ханинің өлтірілуі мұндай саяси хаос пен зорлықты туындатуы ықтимал деп есептелді. Сол кезеңде Азания халықтық азат ету армиясы жүргізген «Operation Great Storm» атты күш қолдануға негізделген науқан да қатар жүрді. Бұл ұйым Пан-Африкашыл конгрессның қарулы қанаты болған және қара нәсілді африкалықтар үшін жерді қайтарып алу мақсатында ақ нәсілді фермерлерді күштеп ығыстыруды көздеген.
Питер Мокабадің 2002 жылғы жерлеу рәсімінде, Африка ұлттық конгресі жетекшілері қатысып тұрған кезде, жиналған жұрт бұл әнді өздігінен орындаған. нобай|229x229 нүкте|Джулиус Селло Малема 2025 жылғы 21 мамырда Дональд Трамп Ақ үйдің Оваль кабинетінде өткен баспасөз конференциясында бейнеролик көрсеткен. Бұл видеода Джулиус Малема Экономикалық бостандық үшін күресушілер митингінде «Kill the Boer, kill the farmer» және «Shoot the farmer – brrrrr pow!» деген ұрандарды айтып жатқан кадрлар көрсетілген. АҚШ президенті бұл материалды Оңтүстік Африкада «ақ нәсілділерге қарсы зорлық» бар деген пікірді қолдайтын дәлел ретінде ұсынған. Сол сәтте Сирил Рамафоса жанында отырған еді. Рамафоса бұл айыптауларды жоққа шығарып, мұндай ұрандар үкіметтің ресми саясатын білдірмейтінін және Оңтүстік Африкадағы зорлық-зомбылық барлық қауымдастықтарға әсер ететінін айтқан. Сонымен бірге үкіметтің қоғамдық қауіпсіздік пен нәсілдік теңдік қағидаттарына берік екенін растаған.
Даулы жағдайлар Бұл ән апартеидтен кейінгі ОАР қоғамында даулы тақырыпқа айналған және қайтадан кең тарала бастаған. Әсіресе сол кездегі Африка ұлттық конгресі жастар лигасы жетекшісі, кейін Экономикалық бостандық үшін күресушілер көшбасшысы болған Джулиус Малема және сол кездегі ОАР президенті Джейкоб Зума орындаған. Бұл ән «Бір қоныстанушыға — бір оқ» ұранымен бірге Оңтүстік Африка Республикасыдағы фермерлерге жасалатын шабуылдар құбылысымен жиі байланыстырылып келеді. Қоғамның бұл әнге реакциясы зулу тіліндегі үнділерге қарсы бағытталған «AmaNdiya» әніне берілген қоғамдық реакциямен салыстырылған.
Джулиус Малема бұл әнді алғаш рет 2010 жылы Африка ұлттық конгресі жастар лигасы президенті ретінде Йоханнесбург университетіндегі сөз сөйлеу кезінде орындаған. Әнді 1994 жылдан кейінгі ОАР жер иеленудің нәсілдік теңсіздігі мәселесінің баяу шешілуі контекстінде айтқан. Малема бұл әнді орындағаннан төрт апта өткен соң фермер, ақ нәсіл үстемдігін қолдаушы, сотталған қылмыскер және африканер ұлтшыл әрі неонацистік Afrikaner Weerstandsbeweging ұйымының негізін қалаушы Эжен Терребланш өз фермасында қара нәсілді қызметкердің қолынан қаза тапқан. Оқиғалардан кейін африканер азаматтық құқық ұйымы AfriForum Малемаға қарсы іс қозғап, оның бұл әнді қолдануы нәсілдік зорлық-зомбылық пен жек көрушілікке арандату деп мәлімдеген.
2023 жылы Экономикалық бостандық үшін күресушілер партиясының 10 жылдық мерейтойлық митингінде Джулиус Малема бұл әнді тағы да орындаған. Шара Соккер Ситиде өтіп, шамамен 90 мың қолдаушы жиналған. Оқиға халықаралық деңгейде кең талқыланды. Илон Маск Х платформасында Малеманы сынға алып, «Оңтүстік Африкадағы ақ нәсілді адамдардың геноцидін ашық қолдап отыр» деп айыптаған. Бұған жауап ретінде Джулиус Малема Х-да «Бос сөз айтып тұрсың» деп жазған.
Демократиялық альянс сол кездегі ОАР ресми оппозициялық партиясы бұл жағдайға байланысты БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне шағым түсіретінін мәлімдеді. Оңшыл африканер ұлтшыл партиясы Бостандық майданы плюс қорқыту фактісі бойынша іс қозғаған. Кейін Джулиус Малема өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, судья Молахлехинің 2022 жылғы шешіміне сүйенген. Бұл шешімде ән саяси контекст аясында түсіндірілуі тиіс және оны сөзбе-сөз қабылдамау керек деп көрсетілген. Малема сонымен қатар өзі мен Экономикалық бостандық үшін күресушілер партиясы бұл әнді орындауды жалғастыратынын айтқан.
Антидиффамацион лига бұл әнге қатысты ресми ескерту жариялап, оның тарихи шығу тегі болғанымен, өрескел мәтіндері зорлық-зомбылыққа шақыру ретінде түсіндірілуі мүмкін екенін мәлімдеген. Сондықтан ұйым мұндай мазмұндағы, зорлық-зомбылық қаупі бар сөздерді қолданудан және оларды қайталаудан сақ болуға шақырған.
2025 жылғы наурызда Илон Маск X платформасында Джулиус Малеманың «Dubul' ibhunu» әнін орындаған видеосын жариялап, оны «ақ нәсілділерге қарсы геноцидті ашық насихаттайтын ірі саяси партия» туралы алаңдаушылықпен түсіндірген пікір қалдырды. Дональд Трамп бұл жазбаны өзінің Truth Social парақшасында қайта бөлісіп, әнді айыптады. ОАР үкіметін африканерлер мен басқа да аз қорғалған азшылықтарды қорғауға шақырып, африканерлерді АҚШ-қа көшуге шақырған. 2025 жылғы 14 мамырда X-тің жасанды интеллект чатботы Grok кей уақытқа дейін қатысы жоқ сұрақтарға жауап бергенде «Бурды өлтіріңіз» және «ақ геноциді» туралы еске салуларды қосып жіберген, бұл қолданушылар арасында түсінбеушілік тудырды. Кейін бұл мәселе сол күні түзетілген.
Заңды шешімдер Ән бірнеше сот істерінің тақырыбы болды, онда оның жек көрушілікке шақырудың бір түрі болып табыла ма, жоқ па деген мәселе анықталуға тырысты. Жек көрушілікке шақыру Оңтүстік Африка Конституциясымен қорғалмайтын сөз болып табылады, сондықтан оны айту құқық бұзушылық саналады, немесе Конституциямен қорғалатын сөз бостандығының бір түрі ме деген сұрақ қаралды.
2003 жыл Адам құқықтары жөніндегі комиссияның шешімі Бостандық майданы плюс берген шағымнан кейін Оңтүстік Африка Адам құқықтары жөніндегі комиссиясы бұл әнді апартеидтен кейінгі татуласуды көздеген ОАР контекстінде жек көрушілікке шақыру деп таныған.
2010 жыл Солтүстік Гаутенг Жоғарғы Сотының шешімі 2010 жылдың сәуірінде Солтүстік Гаутенг Жоғарғы соты Джулиус Малемаға бұл әннің сөздерін көпшілік алдында айтуына уақытша тыйым салып, оны тоқтату туралы шешім шығарды. Бұл тыйым Теңдік соты бұл әнге қатысты берілген шағымды қарап жатқан кезде қабылданған.
2011 жыл Теңдік сотының шешімі 2011 жылдың қыркүйегінде Оңтүстік Гаутенг Жоғарғы соты жанындағы Теңдік соты бұл әнді кемсітушілік сипатта, зиян келтіретін және африканерлердің абыройын төмендететін деп танып, оны жек көрушілікке шақыру деп шешті. Сот бұл әрекет «бір қарағанда кісі өлтіруге арандату қылмысының белгілеріне сай келеді» деп көрсетті. Сот Джулиус Малемаға бұл әнді бұдан былай айтуға тыйым салды. Шешімнен кейін Малема әннің сөзін өзгертіп, «Бурды сүй» деп айтып жүрген. Дегенмен бұл өзгертілген нұсқа да бастапқы мәтіннің белгілі контекстіне байланысты психологиялық әсері жағынан ұқсас болуы мүмкін деген пікір айтылған. Келесі жылы Африка ұлттық конгресі бұл әнді бұдан әрі орындамайтынын мәлімдеген.
2019 жыл Адам құқықтары жөніндегі комиссияның шешімі Оңтүстік Африка Адам құқықтары жөніндегі комиссиясы Джулиус Малемады ақ нәсілді және үнді оңтүстік африкалықтарға қатысты жек көрушілікке шақыру бойынша бес айыптан ақтаған. Бұл айыптардың бірі «Dubul' ibhunu» әнінің өзгертілген «Бурды сүй» нұсқасын орындауға қатысты болған. Комиссия Малеманың кейбір пікірлері «демократиялық қоғамда, бөлінуді емдеуге ұмтылатын ел үшін әлі де болса даулы» екенін айтқанымен, оған тағылған айыптар «заңды сын мен пікірталасты басуға тырысу» ретінде бағаланған. 2023 жылдың шілдесінде Йоханнесбург Жоғарғы соты Оңтүстік Африка Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының 2019 жылғы шешімін жойып, комиссия жек көрушілік сөздер бойынша өз өкілеттігінен асып кеткен деп шешкен.
2022 жыл Йоханнесбург Жоғарғы Сотының шешімі