Шынар Ботайқызы Сейітова — филология ғылымының докторы (2009), доцент (2003).

Өмірбаяны, еңбек жолы 1960 жылы 1 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Жаңаүлгі ауылында туған.

Семей мемлекеттік педагогикалық институтын (1980, қазіргі Шәкәрім университеті) бітірген. 1980-82 жылдары Семей қаласындағы №1 мектеп-интернатта тәрбиеші, 1982-90 жылдары облыстық телерадио комитетінде, 1990-96 жылдары Семей ет және сүт өнеркәсібі технологиялық институтында оқытушы, 1996-2001 жылдары Семей қаржы-экономика институтында оға оқытушы, 2001 жылдан Семей мемлекеттік университетінде қызмет атқарады. 2003-05 жылдары практикалық қазақ тілі кафедрасының, 2005 жылдан қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі.

Ғылыми бағыты, еңбектері Негізгі ғылыми бағыты – этнолингвистика, лингвомәдениеттану мәселелері. Осы салада алғаш рет ру-тайпа атауларының, этнонимдік атаулардың лингво-мәдени жүйесін талдап, саралады. "Қазақ этнонимдерінің тарихи лингвомәдени жүйесі (Шығыс Қазақстан аймағы материалдары бойынша)" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 2 монография, 2 оқу құралының авторы.

Марапаттары Қазақстан Республикасының "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі";Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0. Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы (2012).Университеттің үздік оқытушылары.Слайд 37.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Филология ғылымдарының докторлары