Татьяна Николаевна Говорова (1940 жылғы 10 қыркүйек, Кишинёв — 2025 жылғы 9 наурыз, Мәскеу) — кеңестік және ресейлік театр және кино актрисасы, М. Н. Ермолова атындағы Мәскеу драма театры әртісі (1961—2025). 1986 жылы РКФСР-дің еңбек сіңірген әртісі атағын алған.

Өмірбаяны Татьяна Николаевна Говорова 1940 жылғы 10 қыркүйекте Кишинёв қаласында дүниеге келген.

1961 жылы Орталық балалар театры жанындағы драма студиясын (Мария Кнебель курсы) тәмамдады. Одан кейін Орталық балалар театрында жұмыс істеді.

1961 жылы М. Н. Ермолова атындағы Мәскеу драма театры құрамына қабылданып, өмірінің соңына дейін осы театрда қызмет етті. Сол театрда 1965 жылдың мамыр айында өзінің жалғыз махаббаты — актер Виктор Павловпен танысты. Олар 40 жыл некеде өмір сүрді.

Киноға 1969 жылдан бастап түсе бастады. Негізінен күйеуімен бірге фильмдерге түскен: өзі қатысқан 28 фильмнің тек бесеуінде ғана Виктор Павлов ойнамаған.

1986 жылы РКФСР-дің еңбек сіңірген әртісі құрметті атағы берілді.

2025 жылғы 9 наурыз кешінде Мәскеу қаласында жедел жәрдем көлігінде 85 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Кейбір мәліметтер бойынша, өлім себебі жүрек жеткіліксіздігі болған. Кунцево зиратында күйеуі, актер Виктор Павловтың қасына жерленді.

Сыртқы сілтемелер

Татьяна Николаевна Говорова туралы мәлімет М. Н. Ермолова атындағы Мәскеу драма театры сайтында. Татьяна Николаевна Говорова туралы мәлімет «Мосфильм» киноконцерні сайтында. Виктор Павлов және Татьяна Николаевна Говорова: әйел айлакерлігінен басталған 40 жылдық бақыт туралы мақала — «Культурология» сайтында.

Санат:Актрисалар