Сәуле Құтымқызы Ордабаева — фармация ғылымының докторы (2007), профессор (2011).
Өмірбаяны, еңбек жолы 1960 жылы 24 қазанда қазіргі Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында туған.
Алматы мемлекеттік медицина институтын (1983, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті), Мәскеу медицина академиясының аспирантурасын (1990) бітірген. 1983-86 жылдары Алматы медицина институтының Шымкент бөлімшесінде ассистент, 1990-2011 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясында (қазіргі Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы) ассисиент, аға оқытушы, доцент қызметтерін атқарды. 2011 жылдан профессор.
Ғылыми бағыты, еңбектері "Глицирризин қышқылы туындыларының дәрілік препараттарын жасау мен стандарттауды теориялық және тәжірибелік негіздеу" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. Негізгі ғылыми бағыты – отандық дәрілік өсімдіктер негізінде алынған дәрілік заттарды өңдеу және стандарттау. 200-ден астам ғылыми еңбектің авторы, 8 алдын ала патенттердің игері.
Марапаттары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі медалі (2007); Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы (2011).Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер SKMA. Портфолио Ордабаевой С.К Сауле Кутымовна Ордабаева.
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Фармация ғылымының докторы Санат:Профессорлар