Чхве Ван Гю (; 18 тамыз 1964 жылы туған) — Оңтүстік Кореялық сценарист және AStory (에이스토리) продакшн компаниясының тең құрылтайшысы.https://cine21.com/news/view/?mag_id=100672 Ол 1993 жылы «Boring Love, Funny Movie» атты туындысымен (оның сценарист ретіндегі дебюті) MBC үздік театр сценарийі байқауында жеңімпаз атанды. Ол Инчхон университетінің ағылшын әдебиеті факультетін тәмамдамай, оқудан шығып кеткен. 2004 жылғы 6 қаңтарда ол бұрынғы Mnet және SM Entertainment продюсері Ли Сан-бэкпен бірге AStory компаниясын құрды.

Қазақстандықтарға танымал «Тәуіп Хо Жун», «Нартәуекел», «Ханзада Жумонг», «Құйынды мекен», «Айрис» телехикаяларының сценарийін жазған.

Дау-дамайлар 2008 жылы ол аяқталмай қалған екі бөлімді Hidden (жұмыс атауы) фильміне байланысты келісімшартты бұзды деген айыппен Жапонияның Always Uki Co., Ltd. және Оңтүстік Кореяның ICBN Co., Ltd. компаниялары тарапынан сотқа берілді. Чхве бастапқыда осы екі компаниямен Жапонияда тұратын корейлердің өміріндегі қуаныш пен қайғыны бейнелейтін фильмнің сценарийін жазу туралы келісімшартқа отырған және түсірілімді Осакада өткізу жоспарланған еді. Алайда ол сценарийді уақытында аяқтай алмады, нәтижесінде жоба тоқтатылды.

2018 жылы Оңтүстік Кореяның «Белгілі бір экономикалық қылмыстар үшін жазаны күшейту туралы» заңы бойынша ол алаяқтық (драма продакшн компаниясының иесіне қарсы жасалған) және шетелде заңсыз құмар ойындарға қатысу (Филиппинде) айыптары үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды (төрт жыл сынақ мерзімімен).

2019 жылы ол Оңтүстік Кореяның Ұлттық салық қызметі тарапынан ірі көлемде салық төлеуден жалтарған тұрақты борышкерлер тізіміне енгізілді.

2022 жылы ол белгісіз айыптар бойынша Кёнсан провинциясында түрмеге қамалды.

Негізгі еңбектері

General Hospital (1994) Legend of Ambition (1998) Тәуіп Хо Жун (1999) Air Force (2000) Shodo (Sand) (2001) The Merchant (2001) Нартәуекел (2003) Into the Storm (2004) Love Story in Harvard (2004) Ханзада Жумонг (2006) Лоббист (2007) Catcher (2008) Құйынды мекен (2008) — 2009 жылы «Эмми» сыйлығына ұсынылған General Hospital 2 (2008) Айрис (2009) Swallow the Sun (2009) Гуам Хо Жун (2013) Prison Flower (2016)

Марапаттары

1994 — MBC хабар тарату марапаттары: Сценарист сыйлығы 2003 — 30-шы Корея хабар тарату марапаттары: Сценарист сыйлығы 2006 — MBC драма марапаттары: Телевизия бөлімі – еңбегі үшін марапат 2007 — 19-шы Корея телепродюсерлер марапаттары: Телесценарист санаты – өндіріс саласы сыйлығы 2007 — 43-ші Baeksang өнер марапаттары: Теледидар санаты – үздік сценарий сыйлығы 2010 — 1-ші Сеул мәдениет және өнер марапаттары: Драма сценаристері бөлімі – Бас жүлде

Дереккөздер