Римма Қалманбайқызы Ниязбекова — техника ғылымының докторы (2007), профессор.

Өмірбаяны, еңбек жолы 1960 жылы 13 қазанда қазіргі Түркістан облысында туған.

Қазақ химия-технология институтын (1983, қазіргі М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті), Мәскеу химия-технология институтының аспирантурасын (1988) бітірген. Қазақ химия-технология институтында аға оқытушы, доцент (1988-93, 1996-2001), Қаратеңіз техникалық университетінде доцент, докторант (1993-96, Түркия), Ақмола технология және бизнес университетінде кафедра меңгерушісі, ғылыми орталықтың бастығы (2001-04) қызметтерін атқарған. 2004 жылдан Еуразия ұлттық университетінде доцент, профессор, кафедра меңгерушісі.

Ғылыми бағыты, еңбектері 2006 жылы "Индустрия қалдықтарының негізінде композициялық материалдарды әзірлеудің теоретикалық негіздері тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 180-нен астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 3 монография, 2 электронды оқулық пен 10 оқу құралының авторы.

Марапаттары Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы (2008).Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0. Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің, Техникалық реттеу және метрология комитетінің грамотасы (2010 ); "Инновациялық Қазақстан" жобасы, "Ресурс сақтау" номинациясы бойынша 1 дәрежелі диплом (2012).Ниязбекова Римма Қалманбайқызы.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Известные учёные.

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Техника ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар Санат:Еуразия ұлттық университетінің профессорлары