Яйра Умаровна Абдулаева (; 14 тамыз 1930, Әндіжан, Өзбек КСР, КСРО — 14 мамыр 2019, Ташкент, Өзбекстан) — өзбек және кеңес театр әрі кино актрисасы. 1964 жылы Өзбек КСР-інің халық әртісі атағын алған. 1967 жылы Хамза атындағы Өзбекстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты болған.
Өмірбаяны Яйра Абдулаева шығармашылық жолын 1945 жылы Гавхар Рахимова жетекшілік еткен майдандық концерттік бригадада бастаған.
1950 жылы Өзбекстан мемлекеттік өнер институтын бітірген.
Сол жылы Хамза атындағы өзбек театрының актрисасы болып қабылданып, кейін Өзбек ұлттық академиялық драма театры сахнасында өнер көрсеткен. Радиобағдарламалар жүргізген.
2019 жылғы 14 мамырда 89 жасында Ташкент қаласында қайтыс болды. Актриса 1-орталық клиникалық аурухана реанимация бөлімінде қайтыс болды. Шығатай зиратында жерленген.
Дереккөздер
Санат:Әндіжанда туғандар Санат:Ташкентте қайтыс болғандар Санат:Эл-юрт хурмати орденінің иегерлері Санат:КСРО актрисалары Санат:Өзбекстан актрисалары Санат:Хамза атындағы Өзбек драма театры тұлғалары Санат:Өзбекстан мемлекеттік өнер және мәдениет институты түлектері Санат:Өзбекфильм тұлғалары Санат:Өзбекстан киноактрисалары Санат:Шығатай зиратында жерленгендер