Винера Калыбековна Раимбачаева (5 желтоқсан 1968, Жалалабат) — Қырғыз Республикасының VII шақырылымдағы Жоғарғы Кеңес депутаты. 2021 жылдан бастап «Иман Нұры» партиясынан сайланған. 2022 жылдың мамырынан бері Әлеуметтік саясат жөніндегі комитеттің төрайымы қызметін атқарады.
Өмірбаяны 1968 жылғы 5 желтоқсанда Қырғыз КСР-інің Жалалабат қаласында дүниеге келген.
1994 жылы Қырғыз мемлекеттік медициналық институтының «емдеу ісі» факультетін бітіріп, дәрігер-емдеуші мамандығын алған. 1994—1995 жылдары интернатурада оқып, аталған институттың акушерлік және гинекология №2 кафедрасында, акушерлік-гинекология факультетінде дайындықтан өткен.
1996 жылы Шопоков қаласының ауруханасында акушер-гинеколог дәрігер болып жұмыс істей бастады. 1997—2005 жылдары Сокулук ауданы орталық аудандық ауруханасының гинекология бөлімінде акушер-гинеколог қызметін атқарды. 2005—2009 жылдары аурухананың босану бөлімінде акушер-гинеколог болып жұмыс істеді. 2012 жылдан бастап Сокулук аудандық ауруханасының гинекология бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады, сонымен қатар сол кезден бастап Сокулук аудандық ЦОВП мекемесінде акушер-гинеколог болып жұмыс істеп келеді.
Винера Раимбачаева 2021 жылдың қараша айында «Иман Нұры» партиясынан Жогорку Кенеш VII шақырылым депутаты болып сайланды. 2022 жылдың мамыр айынан бастап Әлеуметтік саясат жөніндегі комитеттің төрайымы қызметін атқарады.
Дереккөздер
Санат:Манаста туғандар Санат:Қырғызстан медиктері Санат:XX ғасыр медиктері Санат:ХХІ ғасыр медиктері Санат:Жоғары Кеңес депутаттары