Барпы Алыкулов (; 1884, Ачи, Ферғана облысы — 9 қараша 1949, Фрунзе, Қырғыз КСР) — қырғыздың импровизатор-ақыны.

Өмірбаяны Барпы Алыкулов кедей отбасында дүниеге келген. Бала кезінен байларға жалданып жұмыс істеген. Он алты жасында оның әнші, ақын, импровизатор ретінде атағы халық арасында кең тарай бастады.

Әкесі халық ауыз әдебиетін жақсы білген.

Барпы Алыкуловтың шығармашылық гүлдену кезеңі XIX–XX ғасырлар тоғысында басталды.

Төңкеріске дейінгі әндерінде қырғыз халқының ауыр тұрмысын бейнеледі.

Барпы Алыкулов 1920-жылдардың басында ауыр ауруы себеп көру қабілетінен айырылып, сол кезден бастап толықтай шығармашылыққа ден қойды.

Кейін социалистік құрылыс тақырыбына арналған өлеңдер мен әндер жазды. Оның шығармаларын 1943 жылдан бастап жазып ала бастады, көпшілігі орыс тіліне аударылды.

Поэтикалық форманың шебері, Тоқтықұл Сатылғанов дәстүрін жалғастырушы болды. Шығармаларының арасында әшкерелеуші-сатиралық туындылар бар, соның ішінде Қоқан хандығының қырғыздар үшін ауыр болған үстемдігі туралы поэмасы да бар. Сонымен қатар халық эпостарын да жырлаған.

Жады Барпы Алыкулов құрметіне Жалалабат облысы Созақ ауданындағы бір ауылдық аймақ аталған. Бішкек орталық көшесіне есімі берілген. Ош қаласына Барпы Алыкулов атына саябақ ашылған.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Санат:Созақ ауданында (Жалалабат облысы) туғандар Санат:Бішкекте қайтыс болғандар Санат:КСРО ақындары Санат:Қырғызстан ақындары Санат:Қырғызстан әншілері