Толыш АсылбековаҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987 – Cоциалистік Еңбек Ері (8.6.1957), мақта өсіруші, ауыл шаруашылығы озаты. 1928 жылы Шымкент облысы (қазіргі Түркістан облысы), Мақтаарал ауданы, "Ленин жолы" колхозында туған.

Еңбек жолы 1942-1959 жылдары - "Ленин жолы" колхозының колхозшысы. 1959 – 1973 жылдары Түркістан ауданының В.И.Чапаев атындағы колхозда ауылы шаруашылығы артелінде жұмысшы, мақта өсірушілер звеносының звено жетекшісі болды. Жыл сайын өзіне бекітілген мақта егісінен мол өнім алып отырды. 1952 жылы 32 ц, 1953 жылы 36 ц, 1956 жылы 51 ц. өнім жинады.

Жетістігі 4-5-ші сайлауларда КСРО Жоғарғы Советінің депутаты болды. Ауыл шаруашылығы озаты

Наградалары 2 мәрте Ленин ордені Cоциалистік Еңбек Ері (1957) Медальдар

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері