Джеффри Хинтон (: 6 желтоқсан 1947) — терең оқытуға айтарлықтай үлес қосқан британдық және канадалық ғалым. 2024 жылы физика бойынша Нобель сыйлығын (Джон Хопфилдпен бірге) «жасанды нейрондық желілерді пайдаланып машиналық оқытуды қамтамасыз ететін іргелі жаңалықтар мен өнертабыстар» үшін алды. 2026 жылдың қаңтарында ол тарихта 1 миллион дәйексөзге жеткен екінші ғалым (Йошуа Бенджиодан кейін) болды.
Өмірбаяны Джордж Бульдың шөбересі, ол 1970 жылы Кембридж университетін эксперименталды психология мамандығы бойынша бакалавр дәрежесімен бітіріп, 1978 жылы Эдинбург университетінде жасанды интеллект бойынша PhD дәрежесін алды.
Торонто университетінде информатика кафедрасында профессор болып жұмыс істеді. 2013 жылдың наурызынан 2023 жылдың сәуіріне дейін Google компаниясының қызметкері болды (корпорация DNNresearch компаниясын сатып алғаннан кейін).
Көп қабатты нейрондық желілерді оқыту үшін кері таралу әдісін қолдануды ұсынған зерттеушілердің бірі болды. Терри Сейновскимен бірге Больцман машинасын ойлап тапты.
Канада Корольдік қоғамының (1996), Лондон Корольдік қоғамының (1998) мүшесі, АҚШ Ұлттық ғылым академияларының (2023) және Инженерлік академиясының (2016)Professor Geoffrey E. Hinton шетелдік мүшесі.
2024 жылғы физика бойынша Нобель сыйлығын алды.
2024 жылы ол (атаусыз) ғылыми-фантастикалық экшн-технотриллерде өзі рөлін сомдады.
Марапаттар 2001 — Румельхарт сыйлығы 2005 — IJCAI Award for Research Excellence 2010 — Канадалық Герхард Герцберг атындағы алтын медаль 2014 — Награда имени Франка Розенблатта 2016 — IEEE Maxwell Award 2016 — BBVA Foundation Frontiers of Knowledge сыйлығы 2018 — Тьюринг сыйлығы (Йошуа Бенджио және Янн Лекунмен бірге) 2019 — Honda сыйлығы 2021 — Диксон сыйлығы 2024 — Физика бойынша Нобель сыйлығы
Дереккөздер
Сілтемелер Джеффри Хинтон Торонто университетінің сайтында GoogleTechTalks - Нейрондық желілердің келесі буыны
Санат:Тьюринг сыйлығының иегерлері Санат:Нобель сыйлығының иегерлері (Канада) Санат:Нобель сыйлығының иегерлері (Ұлыбритания) Санат:Физикадан Нобель сыйлығының иегерлері Санат:Аустриялық ханзада сыйлығының иегерлері Санат:Лондон корольдік қоғамының мүшелері Санат:Физиктер Санат:Ұлыбритания физиктері Санат:Канада физиктері