Мұхаммед би (Молда Мұхаммед би) (; 1808, Машһад, Парсы елі – 1889, Бұхара, Бұхара әмірлігі) — мемлекет және әскери қайраткер, Бұхара әмірлігінің құшбегісі — премьер-министрі (1870–1889).

Әмір Мұзаффардың ең сенімді лауазымды тұлғаларының бірі, құлдықтан Бұхара әкімшілігінің басшысына дейінгі жолды жүріп өткен.Недвецкий А. Г. Правители Бухары.

​Шығу тегі ​Мұхаммед би шығу тегі бойынша парсы болған, ол Машһадқа жақын орналасқан Қарай деген жерден шыққан.

Ол он-он екі жасар бала кезінде түрікмендердің қолына тұтқынға түсіп, 1820 жылы олар оны Бұхараға сатуға алып келеді. Мұнда оны Бұхара құшбегісі — Мұхаммед Хәкім би сатып алады.

1840 жылы Әмір Насрулланың бұйрығымен Мұхаммед Хәкім би өлім жазасына кесілді. Осыдан кейін Мұхаммед би Мұхаммед Хәкім бидің басқа да құлдарымен бірге тақ мұрагері Мұзаффардың құрамына (штатына) өткізілді.

1886 жылы Мұхаммед би өзінің отбасымен және Бұхара әмірлігіндегі басқа да құлдармен бірге Әмір Сейіт Әбдулахад ханның бұйрығымен құлдықтан босатылды. Алайда, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, өйткені ол бұл уақытқа дейін-ақ әмірліктің жоғары мемлекеттік лауазымдарын иеленіп келген болатын.

Саяси және әскери қызметі ​Мұхаммед би 1840 жылдан бастап сол кездегі Әмір Насрулланың ұлы Мұзаффардың қызметшісі болды.

1860 жылы Мұзаффар таққа отырғаннан кейін, Мұхаммед би бірінен соң бірі мыршаб, мұраб және серкерде лауазымдарына тағайындалды. Соңғы шенінде ол Жызақ, Самарқан және Зияратбұлақ түбінде Ресей армиясына қарсы шайқастарға қатысты.

Аса көрнекті Бұхара ойшылы Ахмет Дониш Мұхаммед биге мынадай сипаттама берген:Ахмад Дониш. История мангитской династии. — Душанбе: Дониш, 1967. — С. 42—43.

1870 жылы әмір оған бос тұрған Бұхара құшбегісі лауазымын берді. Ахмет Дониш Мұхаммед бидің қызметі Бұхараның құлдырауына алып келді деп есептеді: «Мемлекеттің жалпы бағыты мен оның құлдырауына бірден-бір себеп болды, ол — Мұхаммедшаһ құшбегі».Ахмад Дониш. История мангитской династии. — Душанбе: Дониш, 1967. — С. 62–63.

Мұхаммед би өмірінің соңғы сағатына дейін ажал аузында жатқан Әмір Мұзаффардың қасында болды және жаңа әмір — Сейіт Әбдулахад ханды ақ киізге көтеріп хан сайлау рәсіміне (коронациясына) қатысты.

Мұхаммед би өмірінің соңына дейін Сейіт Әбдулахад ханның тұсында да құшбегі лауазымын атқаруды жалғастырды. Ол 1889 жылы 10 қарашада, 81 жасында дүниеден өтті.

Отбасы ​Мұхаммед бидің әйелі Әмір Насрулланың бұрынғы күңі (құлы) болған.

​Мұхаммед бидің ұлы Мұхаммед Шәріп Бұхара әмірлігінің ең жоғары лауазымды тұлғаларының бірі болды. Әмір Мұзаффардың тұсында ол бас зекетші — қаржы министрі және Бұхара губернаторы қызметтерін атқарды.

Мұхаммед бидің немересі Астанқұл би — 1888 жылы әкесі Мұхаммед Шәріп өлтірілгеннен кейін Әмір Сейіт Әбдулахад ханнан инақ шенін және бұған дейін әкесі атқарған бас зекетші лауазымын алды. Ол да әкесі сияқты Бұхара үкіметі мен Ресей саяси агенттігі арасындағы байланысты жүзеге асырды, әмірдің тапсырмасы бойынша түрлі ресми хаттамаларға, келісімдерге және т.б. қол қойып, әртүрлі мәселелер бойынша келіссөздер жүргізді. Кейіннен ол бір мезгілде бас зекетші және құшбегі лауазымдарын атқарды.

Әдебиет Тревер К.В., Якубовский А.Ю., Воронец М.Э. История народов Узбекистана, том 2. — Ташкент: АН УзССР, 1947. — 517 с. Недвецкий А.Г. Правители Бухары. Ахмад Дониш. История мангитской династии. — Душанбе: Дониш, 1967. Мирза Салимбек. Тарих-и Салими (Источник по истории Бухарского эмирата). — Ташкент: Akademiya, 2009.

Дереккөздер

Санат:Бұхара құшбегілері Санат:Шаһрисабз бектері