Мырза Сәлімбек ибн Мұхаммед Рахым (; 1850, Бұхара әмірлігі – 1930, Өзбек КСР) — мемлекет және әскери қайраткер, дипломат, көптеген бектіктердің бегі — губернаторы, диуанбегі, бас зекетші — қаржы министрі (1917–1920), Бұхара әмірлігі дәуірінің тарихшысы және ақыны.

Саяси қызметі ​Мырза Сәлімбек еңбек жолын Зиадин бегінің қасында хатшы болып бастаған.

​Бұхара әмірлігінің көптеген әмләкдарлықтары мен бектіктерінде әкім (наменгер) қызметін атқарды. Оған тоқсаба әскери шені берілді.

1873–1885 жылдары Ташкентте және 1885 жылы Санкт-Петербургте әмірдің дипломатиялық тапсырмаларын орындады.

​Колесов жорығы кезінде Бұхара әскерін басқарды.

​1918–1919 жылдары Түркістанның революциялық билігімен болған келіссөздерде негізгі тұлға болды, сондай-ақ ағылшындармен жүргізілген келіссөздерге қатысты.

РКФСР әскерлерінің Бұхара операциясынан кейін тұтқындалып, Сібірге жер аударылды, бір жылдан соң босатылды.

​Бұхара Халық Кеңес Республикасы (БХКР) тұсында әкімшілік қызметкер болып жұмыс істеді, тарихи зерттеулерге қатысты және көне кітаптар кітапханасын басқарды.

Шығармашылығы ​Мырза Сәлімбек тарихи шығармалар мен өлеңдер жазған.

​Мырза Сәлімбектің «Тарих-и Салими» атты қолжазбасы, негізінен, Маңғыт әулетінің соңғы өкілдері билік еткен кезеңдегі Бұхара әмірлігі тарихының оқиғаларын баяндайды.

Қайтыс болуы ​Мырза Сәлімбек 1930 жылы қайтыс болды.

Әдебиет Өзбекстан Ұлттық Энциклопедиясы Мирза Салимбек: Тарих-и Салими (Источник по истории Бухарского эмирата). Ташкент. Akademiya. 2009.

Ескертпелер

Дереккөздер

Санат:Өзбекстан тарихы Санат:Орталық Азия тарихы Санат:XIX ғасыр тарихшылары Санат:Өзбек хандықтарының мәдениет және өнер қайраткерлері Санат:Байсын бектері Санат:Шаржүй бектері Санат:Шаһрисабз бектері Санат:Яккабаг бектері