Дәметкен Медіханқызы Төреқұлова — экономика ғылымының докторы (2008), профессор.
Өмірбаяны, еңбек жолы 1964 жылы 6 желтоқсанда Түрікменстанның Түрікменбашы қаласында туған.
Алматы халық шаруашылығы институтын (1987, қазіргі Нархоз университеті) бітірген. 1987-91 жылдары Алматы энергетикалық институтында, 1991-97 жылдары "Алатау" ЖШС-де экономист, бухгалтер, бас бухгалтер, 1998-2008 жылдары Ақтау мемлекеттік университетінде аға оқытушы, декан, Экономика және құқық институтының директоры, 2008-09 жылдары Қазақ гуманитарлық заң университетінде кафедра меңгерушісі, 2009-2022 жылдары Қазақ экономика, қаржы халықаралық сауда университетінде кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. 2022 жылдан "Esil University" мекемесінің оқу және ғылым жөніндегі проректоры.Даметкен Медихановна.
Ғылыми бағыты, еңбектері "Устойчивое развитие рыбохозяйственного комплекса РК" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 69 ғылыми еңбектің, оның ішінде 3 монография, 2 оқу құралының авторы.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.
Марапаттары Қазақстан Республикасының үздік оқытушысы грантының иегері (2014); "Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісі (2017); "Қазақстанның құрметті профессоры" төсбелгісі (2020); "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі" (2022).
Дереккөздер
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Экономика ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар