Әбдіқаюм хан немесе Ердене би (1720–1762) — 1751–1752 және 1753–1762 жылдары билік құрған Қоқан хандығындағы өзбектердіңBosworth C. E. The new Islamic dynasties. A chronological and genealogical manual. N.Y., 1996. Р. 295 Мың әулетінен шыққан бесінші билеуші.
Саяси қызметі 1750 жылы Әбдікәрім би қайтыс болғаннан кейін Қоқан хандығындағы билік оның ұлы Әбдірахман биге өтті. 10 айдан соң тақ оның немере інісі — Әбдірахым бидің ұлы Ердене биге ауысты. Оның билігінің басталуы Мың әулеті өкілдері арасындағы билік үшін күрестің шиеленісуімен сипатталады. 1752 жылы елдегі билікті оның ағасы Бобобек уақытша басып алып, небәрі он ай бойы билік құрды.
1753 жылы Ердене би Қоқан тағына қайта отырды.
Ердене би Қоқан хандығын кеңейту бойынша белсенді саясат жүргізді. Бұхара хандығының билеушісі Мұхаммед Рахым ханмен (1756–1758) одақтаса отырып, ол өзбектің жүз тайпасына қарсы жорық жасады. Мұхаммед Рахым хан оның өкіл әкесі саналды.История Средней Азии. Москва: Евролинц. Русская панорама, 2003, с.301
1758 жылы Ердене би мемлекетке Истаравшанды қосып алды.
Сыртқы саясаты 1762 жылы елді Цин империясының басып алу қаупі туындады. Ердене би Цинге қарсы коалиция құра алды, оның құрамына Ауған мемлекетінің негізін қалаушы Ахмад шаһ Дуррани (1747–1768) де кірді. Бұл одақ Цин империясының Орта Азияны бағындыру әрекетін тоқтатты. Ердене биден ер бала қалмады. Оның бес қызы болған.
Қаза табуы 1762 жылы Ердене би қайтыс болғаннан кейін мемлекет билеушісі болып Сүлеймен бек жарияланды, ол небәрі бірнеше ай ғана билік құрды. Бұдан кейін билік Әбдікәрім бидің немересі Нарбұта бидің қолына өтті.
Әдебиет История Средней Азии. Москва: Евролинц. Русская панорама, 2003 История Узбекистана. Т.3. Ташкент, 1993.
Дереккөздер
Санат:Мың әулеті Санат:Қоқан хандары