Айнұр Есенғазықызы Сағымбаева — педагогика ғылымының докторы (2011), профессор (2011), Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі (2012).
Өмірбаяны, еңбек жолы 1968 жылы 28 қыркүйекте қазіргі Абай облысы, Ақсуат ауданы, Көкжыра ауылында туған.
ҚазМУ-ды (1990, қазіргі Қазақ ұлттық университеті), ҚазПИ-дің (1997, қазіргі Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) аспирантурасын бітірген. 1990-94, 1997-2011 жылдары Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде оқытушы, доцент, 2011 жылдан осы университетте профессор қызметін атқарады.
Ғылыми бағыты, еңбектері Негізгі ғылыми бағыты – информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі және білім беру жүйесін ақпараттандыру. "Болашақ информатика мұғалімдерін оқушылардың білімін бақылау мен бағалауға дайындаудың ғылыми-әдістемелік негіздері" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 127 ғылыми еңбектің, оның ішінде 1 монография, 6 оқулық пен 12 оқу құралының авторы.
Марапаттары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" мемлекеттік сыйлығы (2010, 2021);Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0. Ыбырай Алтынсарин төсбелгісі (2018).
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Сагимбаева Айнур Есенгазыевна.
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Педагогика ғылымдарының докторлары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Профессорлар Санат:Академиктер Санат:Ыбырай Алтынсарин төсбелгісімен марапатталғандар