нобай|250x250 нүкте|Топқапы сарайындағы Уәлиде сұлтан үйінің қалпына келтірілген бір бөлмесі Уәлиде сұлтан ( «сұлтанның анасы») — Осман империясы сұлтанының анасына берілетін ресми атақ. XVI ғасырдан бастап қолданылған.
Бұл атақтың алғашқы иесі І Сүлеймен сұлтанның анасы Хафса сұлтан еді.
Әйелдер сұлтандығы өкілдері арасында бұл атақты алғаш болып ІІІ Мұрат сұлтанның анасы Нұрбану сұлтан иеленді Финкель, Кэролайн. История Османской империи: Видение Османа. — М.: АСТ; Астрель, 2012. — 829 с. — ISBN 978-5-17-043651-4.. Селжүк дәстүрі бойынша, «уәлиде сұлтан» атағы енгізілгенге дейін сұлтанның аналары «қатын» атағын иеленген.
Осман империясының тарихында жалпы 36 сұлтан мен бір халифа болған, бірақ ұлының билігін көрген жиырма үш сұлтан анасының есімі тарихқа белгілі Akyıldız, Ali. Valide Sultan // Islam Ansiklopedisi. — İslâm Araştırmaları Merkezi, 2012. — Vol. 42. — P. 494—499.. Екі ұлының билігін көрген екі сұлтан анасы болды: Көсем сұлтан (ұлдары — IV Мұрат пен І Ибраһим) мен Еметулла Рәбия Гүлніс сұлтандар (ұлдары — ІІ Мұстафа мен ІІІ Ахмет) екі мәрте "уәлиде сұлтан" атанған Alderson, Anthony Dolphin. The Structure of the Ottoman Dynasty. — Oxford: Clarendon Press, 1956.. Бір рет уәлиде сұлтанның міндетін сұлтанның туған анасы емес, өгей шешесі Бірісті қатын атқарған.Bahadıroğlu, Yavuz. Resimli Osmanlı tarihi. — Nesil yayınları, 2007. — 541 p. — ISBN 9752692990, 9789752692992.
Сұлтан аналарының саяси ықпалы XVI-XVII ғасырларда, яғни Әйелдер сұлтандығы кезеңінде ең күшті еді. Ең беделді уәлиде сұлтандар қатарында Нұрбану сұлтан (III Мұраттың анасы), Сафие сұлтан (III Мехмедтің анасы), Көсем сұлтан (IV Мұрат пен I Ибраһимнің анасы) және Турхан сұлтан (IV Мехмедтің анасы) болды.
Дереккөздер
Санат:Түрік тарихы