Айзада Рахымқызы Ешмаханова (19.10.1949 жылы туған, Қазалы қаласы) – педагог.
Қызылорда педагогикалық институтын (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) бітірген (1973). 1973 – 1997 ж. қазіргі Әйтеке би кентінде Ж.Жабаев атындағы 234-орта мектепте химия пәнінің мұғалімі, 1997 – 2003 ж. Б.Мергенбаев атындағы 226-гимназияда дәріс берген.
1980 – 1985 ж. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланған.
Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі (1980),КСРО халық ағарту ісінің үздігі белгісімен марапатталған (1984).
Санат:19 қазанда туғандар Санат:1949 жылы туғандар Санат:Қазалыда туғандар Санат:Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті түлектері Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 10-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР білім беру ісінің үздіктері Санат:КСРО білім беру ісінің үздіктері