Евгения Александровна Журавлева — филология ғылымының докторы (2008), профессор (2011).

Өмірбаяны, еңбек жолы 1964 жылы 25 қарашады Солтүстік Қазақстан облысында туған.

Иванов мемлекеттік университетін (1988, Ресей) бітірген. Көкшетау мемлекеттік университетінде оқытушы, аға оқытушы, доцент, кафедра профессоры (1988-2008), ғылыми бөлім басшысы (2003-07), ғалым хатшы (2004-07), 2009 жылдан Еуразия ұлттық университетінде кафедра меңгерушісі.

Ғылыми еңбектері Негізгі ғылыми бағыты тіл теориясы, əлеуметтік лингвистика, когнитивтік лингвистика, мəдениаралық коммуникация бағытындағы зерттеулерге арналған. "Вариативность лексической системы: русский как полинациональный язык" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 130-дан астам ғылыми еңбектің, соның ішінде 1 монография, 1 ұжымдық монография, 2 оқу құралы, 1 сөздіктің авторы.

Марапаттары "Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы" (2006), "Қазақстан Республикасы ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісі (2008), Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мақтау қағаздары (2009), Сорос-Қазақстан қоры гранттарының (1999, 2001) иегері.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6. Қазақстан халқы Ассамблеясының "Бірлік" алтын медалі (2020), Еуразия ұлттық университеті "Лев Гумилев" (2021) медалі.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Известные учёные. Еуразия ұлттық университеті. Басшылық. ПРОФЕССОР Е. А. ЖУРАВЛЕВАНЫҢ МЕРЕЙТОЙЫНА!

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Филология ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар