Бақытгүл Асылбекқызы Жетпісбаева — педагогика ғылымының докторы (2009), профессор (2011).

Өмірбаяны, еңбек жолы 1965 жылы 19 сәуірде Алматы қаласында туған.

Алматы шетел тілдер педагогикалық институтын (1987, қазіргі Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті) бітірген. Қарағанды облысы Қарқаралы орта мектебінде мұғалім (1987-91), Қарағанды мемлекеттік университетінде аға оқытушы (1991-94), Герман акададемиясы алмасу қызметінің стипендиясы бағдарламасы аясында ғылыми тəлімгер (1993-94), Қарағанды мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі (1994-98), декан, кафедра профессоры (1998-2012). 2019 жылы Павлодар қаласындағы Инновациялық Еуразия Университетіне ректор болып тағайындалды.

Ғылыми еңбектері "Көп тілді білім берудің теориясы мен əдіснамасы, кəсіптік білім берудің лингводидактикалық аспектілері" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 300-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 3 монография, 4 оқулық, 5 оқу құралы, 3 көптілді терминологиялық сөздіктің авторы.

Марапттары Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасы (2002); "Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін" медалі (2004); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің алғыс хаты (2006; 2011); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" мемлекеттік гранты (2007; 2011); "Академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ 40 жыл" мерейтойлық медалі (2012), А. Байтұрсынов атындағы ҚР жоғары оқу орындары қауымдастығының медалінің иегері (2012).Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Инновациялық Еуразия Университеті.

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Педагогика ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар