Гарри Гаррисон (шын аты — Генри Максвелл Демпси) — американдық фантаст-жазушы және редактор. Ол 1925 жылы 12 наурызда АҚШ-тың Коннектикут штатында дүниеге келіп, 2012 жылы 15 тамызда Англияның Брайтон қаласында қайтыс болды.

Отбасы Анасы — Рия Кирьясова, мұғалім болған. Ол Рига қаласында туған. Атасы раввин (діни қызметкер) болған. Анасының әкесі Натан Кирьясов сағат жөндеуші болып жұмыс істеген. Гаррисонның анасы жағынан шыққан туыстарының көбі білімді адамдар болған. Әкесі — Генри Лео Демпси, баспаханада жұмыс істеген. Ол жартылай ирланд ұлтынан болған. Кейін әкесі фамилиясын Гаррисон деп өзгерткен.

1954 жылы Джоан Гаррисонға (қыз кезіндегі тегі — Мерклер) үйленген. Олардың екі баласы болған: ұлы Тодд (1955 ж.) және қызы Мойра (1959 ж.).

Балалық шағы Гарри Гаррисон 1925 жылдың 12 наурызында Коннектикут штатының Стемфорд қаласында дүниеге келген. Үйінің жалғыз баласы болған ол өзінің балалық шағын Коннектикут пен Нью-Йорк арасында жалғыз өткізеді. Бар болғаны жеті жасында ол ғылыми фантастиканың әуесқой оқырманына айналып, қолына түскеннің бәрін оқып шығады. 13 жасында ол оқыған кітаптары туралы әсері туралы шолулар жазып, SF журналында жариялай бастайды. 1943 жылы 18 жасында әскерге шақыртылып, сонда аттанады.

Шығармашылық жолы Гаррисон эсперанто тілінің белсенді жақтаушысы болған. Ол бұл тілді өз романдарында болашақтың тілі ретінде қолданған. Дүниежүзілік эсперанто қауымдастығының мүшесі, АҚШ пен Ирландиядағы эсперанто ұйымдарының құрметті мүшесі болған. Эсперанто тілінен бөлек, тағы 7 тілді еркін меңгерген. Ол Ресей мен Беларусь елдеріне фантаст-жазушылардың съездеріне бірнеше рет барған.

Романдары «Ғарыштан келген оба» (Jupiter Plague / Plague from Space, 1965)

«Әулие үшін вендетта» (Vendetta for the Saint, 1965)

«Ығысыңыздар! Ығысыңыздар!» (Make Room! Make Room!, 1966). Осы роман желісі бойынша 1973 жылы «Soylent Green» ғылыми-фантастикалық фильмі түсірілген.

«Фантастикалық сага» (The Technicolor Time Machine, 1967)

«Тұтқындалған ғалам» (Captive Universe, 1969)

«Ғарыш кемесінің дәрігері» (Spaceship Medic, 1970)

«Далет әсері» (The Daleth Effect, 1970)

«Стоунхендж» (Stonehenge, 1972; 1983 жылғы кеңейтілген нұсқасы). Леон Стовермен бірге жазылған.

«Жасасын Трансатлантикалық туннель! Ура!» (A Transatlantic Tunnel, Hurrah!, 1972)

«Галактикалық рейнджерлердің жұлдызды оқиғалары» (Star Smashers of the Galaxy Rangers, 1973)

Дереккөздер

https://fantlab.ru/autor13 https://booknik.ru/today/people/russko-evreyiskiyi-amerikanskiyi-pisatel-garri-garrison/ https://gizmodo.com/r-i-p-harry-harrison-creator-of-the-stainless-steel-r-5934884 https://www.solidarnost.org/thems/znamenitost/znamenitost_5045.html