«Кенигсбергті алғаны үшін» медалі () — КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1945 жылғы 9 маусымдағы Жарлығымен құрылған. Медаль жобасының авторы — суретші А. И. Кузнецов.

Тарихы Еуропаның бірқатар қалалары мен астаналарын алғаны үшін медалдардың жобаларын әзірлеу жөніндегі тапсырманы Қызыл әскер Бас интенданттық басқармасының Техникалық комитеті 1945 жылғы 19 сәуірде Қызыл әскер Тылының басшысы, армия генералы А. В. Хрулёвтен алды. 30 сәуірдің өзінде қорытынды шығарылып, суретшілер А. И. Кузнецовтың, Н. И. Москалёвтің, И. С. Лукинаның, Е. К. Курицынаның, И. Я. Романовтың және басқа да авторлардың 11 жобасы қаралды. Алайда А. В. Хрулёв И. В. Сталинге нобайлар мен көлемді үлгілерді қоса ұсынған баяндамасында, Сталин барлық үлгілерді қабылдамай, бейнені барынша қарапайым ету жөнінде өз тілектерін білдірді. 25 мамырда Хрулёв жеті жаңа жобаны қарап, 3 маусымда оларды Сталинге баяндады. Сол кезде медалдың түпкілікті нұсқасы таңдап алындыПанков О. Д. Манюк Е. С. Медаль «За взятие Кёнигсберга»: история создания. // Военно-исторический журнал. — 2021. — № 2. — Б.84—89. Проектные рисунки медали опубликованы на 4-й стр. обложки этого номера журнала..

Медаль туралы ереже «Кёнигсбергті алғаны үшін» медалімен 1945 жылғы 23 қаңтар мен 10 сәуір аралығында Кёнигсберг қамал-қаласын ерлікпен шабуылдап алуға тікелей қатысқан Қызыл әскердің, Әскери-теңіз флотының және ІІХК әскерлерінің әскери қызметшілері, сондай-ақ осы қаланы алу жөніндегі жауынгерлік операцияларды ұйымдастырушылар мен басшылар марапатталады Положение о медалях «За взятие Будапешта», «За взятие Кенигсберга», «За взятие Вены» и «За взятие Берлина». // Сборник законодательных актов о государственных наградах СССР. — М., 1987. — Б. 146—147..

«Кёнигсбергті алғаны үшін» — астананы алу немесе азат ету құрметіне емес, қамал-қаланы алғаны үшін тағайындалған КСРО-ның жалғыз медалі.

«Кёнигсбергті алғаны үшін» медалі кеуденің сол жағына тағылады және КСРО-ның басқа медалдары болған жағдайда «Будапештті алғаны үшін» медалінен кейін орналасады.

1987 жылғы мәлімет бойынша «Кёнигсбергті алғаны үшін» медалімен шамамен 760 000 адам марапатталғанШуняков Д. В. Награды удостоены… Статистические данные по награждению советскими орденами и медалями в годы Второй мировой войны. // Военно-исторический журнал. — 2021. — № 5. — Б.48..

Медалдің сипаттамасы «Кёнигсбергті алғаны үшін» медалі жезден жасалған және диаметрі 32 мм болатын дұрыс дөңгелек пішінді.

Медалдің алдыңғы бетінде: ортасында «КЕНИГСБЕРГТІ АЛҒАНЫ ҮШІН» () деген жазу, жазудың үстіңгі жағында — сәулелері таралған бесбұрышты жұлдызша, төменгі жағында — дәмжапырақ бұтағы бейнеленген. Алдыңғы беті ернеумен жиектелген.

Медалдің артқы бетінде Кёнигсбергтің алынған күні — «10 сәуір 1945» () деген жазу жазылған, күннің үстінде — бесбұрышты жұлдызша орналасқан.

Медалдағы барлық жазулар мен бейнелер шығыңқы.

Медаль құлақша мен шығыршық арқылы ені 24 мм болатын жібек қатқыл таспамен тысталған бесбұрышты тағанға бекітіледі. Таспа кезектесіп орналасқан бес жолақтан тұрады: үшеуі қара, екеуі жасыл. Таспаның шеттері жіңішке жасыл жолақтармен көмкерілген.

Суреттеме

Дереккөздер

Санат:КСРО медалдары