Pathfinder: Kingmaker (Жолтапқыш: Патша жасаушы) — ресейлік Owlcat Games студиясы әзірлеген және Deep Silver компаниясы шығарған рөлдік видео ойын. Оның желісі Pathfinder үстел ойынының әлемі аясында өрбиді. Ойын Microsoft Windows, macOS және Linux жүйелерінде 2018 жылдың 25 қыркүйегінде шықты, ал PlayStation 4 және Xbox One үшін нұсқалар 2020 жылдың 18 тамызында шығарылды.

Әзірлеу 2017 жылдың 17 мамырында ресейлік Owlcat Games студиясы Pathfinder әлеміндегі компьютерлік ойынды дайындап жатқанын жариялады. Ойынның авторларының бірі Крис Авеллон болды. 2017 жылдың маусым айында әзірлеушілер ойынды кеңейту үшін қосымша қаражат жинау мақсатында Kickstarter-де краудфандинг науқанын бастады. Бір ай ішінде жоба 18 000-нан астам демеушілердің көмегімен 909 057 доллар жинай алды.

Сыншылардың пікірлері Pathfinder: Kingmaker ойыны сыншылардан әртүрлі пікірлер алды. Metacritic сайтында ойын 33 пікірге негізделген орташа есеппен 73/100 ұпай жинады.

Сиквел 2019 жылдың 4 желтоқсанында Owlcat Games сиквел ретінде Pathfinder: Wrath of the Righteous ойынның жалғасын шығаруды жоспарлағанын хабарлады. Ойынды әзірлеуге қосымша қаражат жинау үшін Kickstarter сайтындағы науқан 2020 жылдың 4 ақпанында басталды. Осы ойынды студия 2021 жылы шығарды.

Дереккөздер

Санат:MacOS-ке арналған ойындар Санат:Windows-ке арналған ойындар