The White Stripes — 1997 жылы АҚШ-тың Детройт қаласында құрылған америкалық рок-дуэт. Топтың құрамына мультиинструменталист, әнші әрі ән жазушы Джек Уайт және дабылшы Мег Уайт кірді. Топ 2000-жылдардың басында гараждық рок пен инди-роктың қайта өрлеуіне (garage rock revival) үлкен үлес қосып, осы жанрдың ең ықпалды ұжымдарының біріне айналды.
The White Stripes музыкалық сахнада өздерінің ерекше минималистік стилімен, тек қызыл, ақ және қара түстерді қолданатын эстетикасымен және блюз бен панк-рокты ұштастыратын дыбысымен танымал болды. Топтың үшінші альбомы White Blood Cells (2001) оларға әлемдік даңқ әкелсе, төртінші альбомы Elephant (2003) рок-музыканың заманауи классикасына айналды. Осы альбомдағы «Seven Nation Army» әні өзінің ерекше гитаралық риффімен әлемге танылып, спорттық шаралар мен фестивальдердің бейресми әнұранына айналды.
The White Stripes-тың жанды дауыстағы өнер көрсетулері, ең алдымен, ауыр дисторшн, сондай-ақ акустикалық кері байланыс (feedback) пен овердрайвты шебер қолдануымен танымал болды. Дуэт сахнада барынша еркін әрі бейберекет ойнайтын; олар ешқашан өз концерттеріне арнап алдын ала сет-лист (әндер тізімін) дайындамайтын. Музыканттардың пікірінше, мұқият жоспарлау қойылымның шынайылығы мен кездейсоқтық әсерін бұзады.
Топ мүшелерінің өзара туыстық қатынасы ұзақ уақыт бойы жұмбақ болып келді. Мансаптарының басында Джек пен Мег өздерін немесе ағасы мен қарындасы ретінде таныстырған. Алайда кейінірек олардың шын мәнінде ерлі-зайыпты болғаны және 2000 жылы ажырасқаны белгілі болды. Ажырасқандарына қарамастан, олар топты таратудың орнына бірге жұмыс істеуді жалғастырды
Өз мансабында The White Stripes алты студиялық альбом шығарып, бүкіл әлем бойынша 75 миллионнан астам жазба сатты. Топ алты мәрте Grammy сыйлығын иеленді, оның ішінде үш рет «Үздік баламалы (альтернативті) музыкалық альбом» номинациясын жеңіп алды.
2011 жылғы 2 ақпанда дуэт өздерінің таралатыны туралы мәлімдеді. Тиісті хабарлама топтың ресми сайтының басты бетінде жарияланды. Үндеуде айтылғандай, топ мүшелері бірлескен шығармашылықты тоқтату туралы шешімді қандай да бір келіспеушіліктер немесе ынтаның жоқтығынан, сондай-ақ денсаулық мәселелеріне байланысты емес, өз қалауларымен қабылдаған. Дуэт мүшелері топтың қызметін оның «нағыз шыңында» тұрған кезінде тоқтатқысы келді. Осылайша, Мег пен Джек өз топтарын «ерекше» етіп көрсететін сол қасиетті сақтап қалудан үміттенетінін жеткізді.
2025 жылы топ Рок-н-ролл даңқ залына енгізілді.
Дискография
Студиялық альбомдар The White Stripes (1999) De Stijl (2000) White Blood Cells (2001) Elephant (2003) Get Behind Me Satan (2005) Icky Thump (2007)
Концерттік альбомдар Under Great White Northern Lights (2010)
Марапаттары Грэмми
Жыл Номинацияланған жұмыс Санат Нәтиже 2004 Elephant Үздік баламалы музыкалық альбом Жыл альбомы "Seven Nation Army" Дуэт немесе вокалы бар топтың үздік рок өнер көрсетуі Үздік рок әні 2006 Get Behind Me Satan Үздік баламалы музыкалық альбом "My Doorbell" Дуэт немесе вокалы бар топтың үздік поп өнер көрсетуі 2008 Icky Thump Үздік баламалы музыкалық альбом "Icky Thump" Дуэт немесе вокалы бар топтың үздік рок өнер көрсетуі Үздік рок әні 2011 Under Great White Northern Lights Үздік қорапты немесе арнайы шектелген басылым қаптамасы Үздік музыкалық фильм 2017 "City Lights" Үздік америкалық дәстүрлі (Roots) әні
Дереккөздер
Санат:АҚШ рок топтары Санат:АҚШ альтернативті рок топтары Санат:АҚШ блюз-рок топтары Санат:Детройт қаласынан шыққан музыкалық топтар Санат:Грэмми сыйлығының иегерлері Санат:Рок-н-ролл даңқ залына енген орындаушылар Санат:MTV Video Music Awards жеңімпаздары Санат:MTV Europe Music Award иегерлері Санат:Warner Bros. Records орындаушылары Санат:Sub Pop орындаушылары Санат:Third Man Records орындаушылары Санат:V2 Records орындаушылары Санат:1997 жылы құрылған музыкалық ұжымдар Санат:2011 жылы тараған музыкалық ұжымдар Санат:Музыкалық дуэттер