(2060) Хирон — Юпитер мен Уран аралығында айналып жатқан Кентавр астероидтарының ішіндегі алғашқы анықталғаны.

Бұл шағын аспан денесін 1977 жылдың 1 қарашасында америкалық астроном Чарльз Коваль Паломар обсерваториясында ашты. Сол уақытта ол ең алыс астероид болып саналды.

Ежелгі грек мифологиясындағы Хирон есімді кентаврдың құрметіне орай аталды. Бұл атау 1978 жылдың 1 сәуірінде бекітілді. Содан бері орбиталары сол шалғай аймақтарда орналасқан басқа астероидтарға да мифологиялық кентаврлардың есімдері берілетін болды.

1989 жылы астрономдар бұл нысанның кометалық белсенділігін бақылады. Осыған орай оған 95P/Хирон деген балама атау берілген болатын. Демек, бұл әрі астероид, әрі комета ретінде тіркелген санаулы ғана нысандардың бірі болып келеді.

thumb|450px|center|Күн жүйесіндегі орны

2010-шы жылдары бұл нысанның өз сақиналары бар болуы мүмкін деп болжаланды.

Дереккөздер

Тағы қараңыз Астероидтар тізімі (2001—2100) (60558) Эхекл Санат:Астероидтар Санат:Кометалар