Моше Гирш (, ; 1927 жыл, Нью-Йорк – 2 мамыр 2010 жыл, Иерусалим) — еврей активисі мен палестиналық саясаткер. Гирш бір кезде Нетурей карта ұйымына басшылық етті және ФАТХ бастаған Палестина ұлттық әкімшілігінде «Еврей істері министрі» болды. Ол Нетурей карта негіздеушісі Аарон Кацнельбогеннің күйеу баласы еді. Нью-Йоркте туған ол кейін Иерусалимге көшті, бірақ Палестина президенті Ясир Арафатпен жақсы байланысын жалғастыра берді.Arafat adviser Rabbi Moshe Hirsch dies
Гирш Арафаттан Нетурей карта мүшелеріне Палестина әкімшілігінің төлқұжаттары жасалғанда берілсін деп сұраған болатын. Ол Израиль төлқұжатын алудан және Израиль азаматтығынан толығымен бас тартқан. 2004 жылғы Арафаттың өлімі мен 2006 жылғы палестиналық парламент сайлауындағы ХАМАС жеңісінен кейін ол жаңа үкіметті қос қолдап қолдады. Ол кейін Рамалладағы Үкімет үйіне сапар да жасады.
Өз өмірі Гирштің үш баласы болды.The Independent Rabbi Moshe Hirsch: Ultra-Orthodox Jewish leader who became an adviser to Yasser Arafat Оның тұңғыш баласы раввин Меир Гирш еді.Arutz Sheva Neturei Karta Rabbi Dead at 86 Меир Альцгеймер ауруымен ауырған әкесінің көптеген міндеттерін кейін өз мойнына алған болатын.Guilt & Pleasure Issue 2 - Spring 2006 - The Fight Issue
Өлімі Гирштің өлімінен кейінгі шивасына ФАТХ-тың түрлі жоғары шенді өкілдері, соның ішінде губернатор Аднан Әл-Хусайни, Хатем Әбділқадыр мен Біләл А-Натша қатысты.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелері Нетурей карта International
Санат:АҚШ еврейлері Санат:Ортодокс еврейлер Санат:АҚШ раввиндері Санат:Иерусалим раввиндері Санат:АҚШ-тан эмигранттар Санат:Антисионизм тұлғалары Санат:Зәйтүн тауында жерленгендер Санат:Эрец-Исраэль раввиндері