Эдин Дэвид Росс (; 11 қазан 2000, Бока-Ратон, Палм Бич, Флорида, АҚШ) — америкалық ютубер және стример. Ол негізінен Valorant, NBA 2K және Fortnite сияқты бейнеойындарды ойнауын және қонақтармен әңгімелесуін онлайн көрсетеді. Бұған дейін Twitch платформасында стрим жүргізген, бірақ 2023 жылы онда тұрақты түрде бұғатталғаннан кейін Kick платформасымен келісімшарт жасады.
Өмірбаяны Ерте жылдары Ол 2000 жылғы 11 қазанда Флорида штатының Бока-Ратон қаласында еврей отбасында туған. Біраз уақытқа Нью Йоркке қоныс аударып, кейін Калифорния штатындағы Три Риверс қаласына көшті.
Мансабы Росс әпкесі Наомимен бірге тұрған кезде Twitch платформасында тұрақты түрде стрим жасай бастады. Кейін ол NBA 2K ойынын ойнайтын Always Excelling командасына қосылып, осы арқылы баскетболшы Бронни Джеймспен танысты. Ол NBA 2K20 ойынын Джеймспен бірге ойнауы, басқа стримерлермен және YouTube пайдаланушыларымен матчтарға бәс тіккен стримдері арқылы танымал болды.
2021 жылғы 10 сәуірде Росс Twitch платформасында бұғатталды, бұған ютубер Zias телефон қоңырауына жауап берген кезде Росс оның атына гомофобтық сөз айтуы себеп болды. Екі күннен кейін Эдин қайта бұғаттан шығарылды.
Бір жылдан астам уақыт өткен соң, 2022 жылғы 20 сәуірде Росс Twitch платформасында белгісіз мерзімге қайта бұғатталды, бұл «қорлайтын сөздер немесе белгілер» қолдануымен түсіндірілді. Сол жылдың маусымында ол қайта бұғаттан шығарылды.
2023 жылы Twitch платформасында тұрақты бұғатталуына аз уақыт қалғанда, Росс параллель түрде Kick платформасында стрим жасай бастады. Оны Twitchте бірнеше рет қайта бұғаттады, ал 2023 жылғы 25 ақпанда Kick платформасындағы модерацияланбаған чатын тікелей эфирде көрсеткеннен кейін, онда көрермендер тарапынан нәсілдік және антисемиттік мазмұндағы көптеген хабарламалар болғандықтан, «өшпенділік тудыру» айыбымен ол тұрақты түрде бұғатталды.
2024 жылғы 4 наурызда стример 19 жастағы жасөспірімді Канада, Порт-Муди қаласындағы Роки-Пойнт паркінде автокөлігін Беррад шығанағына айдап кіруге итермеледі. Осыдан кейін жасөспірім оқиға орнында полиция тарапынан ұсталды.
2024 жылдың сол айында Росс стрим барысында Эндрю Тейттің өзіне Румыниядан қашуды жоспарлап жүргенін айтып қойған. Сол кезде Тейт тергеу астында болатын. Осы мәліметтің салдарынан Эндрю мен оның інісі Тристан Румыния полициясы тарапынан елден қашуына жол бермеу үшін ұсталды.
Өз стримдерінің бірінде Росс ақ нәсіл үстемдігін жақтаушы Ник Фуэнтесті бағдарламаға қонақ ретінде шақырды.
2024 жылғы тамызда Росс АҚШтың бұрынғы 45-президенті Дональд Трамптан өз стримінде сұхбат алып, көрермендерін 2024 жылғы сайлауда Трампқа дауыс беруге шақырды. Трансляцияның шыңында оны бір мезетте 500 000 көрермен тамашалады.
Дереккөздер
Санат:Бока-Ратонда туғандар Санат:YouTube-тің күміс батырмасының иелері Санат:YouTube-тің алтын батырмасының иелері Санат:АҚШ ютуберлері Санат:Твичерлер